Жаңалықтар

«8.30» студенттік журналының бесінші саны 5 мұқабасымен жарыққа шықпақ

11.10.2012

«8.30» журналының қарашадағы бесінші саны бірден бес мұқабасымен шығады. Жақсы көретін журналдың мұқабасында әнші Луина, жас рэпер Дилани, олимпиада чемпионы Светлана Подобедова, ҚазҰУ түлектері, әйгілі кәсіпкерлер – Арманжан Байтасов және Нұрлан Смағұлов. Сонымен қатар журнал қонақтары өздерінің табысқа жету жолдарындағы кеңестерімен біздің «Message for Students» айдарында таныса аласыз. Қараша айының негізгі екпіні студенттік өмірге арналған.

Ары қарай оқу >>

Құрметті оқытушылар, студенттер!

11.10.2012

16 қазан сағ.1500–де Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің акт залында «Қош келдің Қазақстанға!» атты Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ашық есік күні өтеді.

Ары қарай оқу >>

14 қазан күні профессор Йоганн Раудың дәрісі өтеді

11.10.2012

Құрметті ұстаздар және PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер!

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 14 күні сағат 11.00-де, №19 аудиторияда философия докторы, Германия Федеративтік Республикасы Бундесвер жетекші мамандарының Академиясы жанындағы халықаралық қауіпсіздік бойынша ғылыми форумның мүшесі, профессор Йоганн Рау «Заманауи саясат философиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша лидерлік дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Жастар жақсы кітапханаға асығуда

10.10.2012

2012 жылдың 10 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа кітапханасының ғимаратында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Жақсы кітапхана – асыл қазына» атты акция өтуде. Іс-шараның басты мақсаты университеттегі әлеуметтік жаңғыруды студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы арттыру, сонымен қатар кітапқа деген құрметті жастар бойында тәрбиелеу болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр

10.10.2012

Әр адам дара тұлға. Және ол әлемді нұрландыру үшін өзінің мүмкіндіктері мен міндетін толық және дұрыс атқаруы тиіс. Мұндай бастама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор Ғалым Мұтановтың қолдауымен, бастамасымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы барысында жүзеге асуда. Аталмыш жоба аясында 9 қазанда қара шаңырақта «Әлеуметтік жаңғыру әр адамнан басталады» атты тақырыпта ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов университет оқытушыларымен және студенттермен кездесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Огайо университетінің профессоры Джеймс Петрик дәріс оқиды

10.10.2012

Құрметті ұстаздар және PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер!

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 17 күні сағат 15.00-де, №19 аудиторияда PhD доктор, Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Джеймс Петрик (James Petrik, Ohio University, USA) «Батыс философиясының тарихы» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

«Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

09.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2012 жылдың 12 қазан күні «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

09.10.2012

Ұстаз … жаратылысынан алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек, - деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, осы қасиеттердің барлығы өн бойынан табылатын ұстаздар қауымына қазан айының 5-ші жұлдызында физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасындағы «Шоқжұлдыз» көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі С.Д. Ермағанбетованың ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш болып өтті.

Ары қарай оқу >>