Жаңалықтар

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған

14.11.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Мүбаракұлы Әбділдиннің атындағы дәріс залының ашылу салтанаты болды. Салтанатты іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет ұжымы, барлық факультеттерден оқытушылар, Мейірхан Мүбаракұлы туылған Павлодар облысының әкім орынбасары және көптеген қонақтар жиналды. Мейірхан Мүбәракұлының барельефі мен стендісінің лентасын жұбайы Райхан Закиқызы мен ағасы академик Жабайхан Мүбәракұлы кесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауды қолға алған бірінші университет

13.11.2012

Отандық алғашқы наноспутник жасауды Қазақстанда бірінші болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолға алды. Бұл жобаның іске асыру Токия университетімен бірлесе халықаралық консорциумдағы қазақстандық ЖОО кірген UNIFORM Project аясында басталды.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен өтетін кездесуге келіңіз

13.11.2012

15 қараша күні Халықаралық қатынастар факультетінде Германия парламентінің депутаты (Бундестаг), Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен кездесу өтеді. Бағдарлама аясында – Германия мен Қазақстан арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарының мәселелері, Бундестагтың Орталық Азия бойынша парламент тобының қызметі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастығының перспективалары туралы, ҚазҰУ Германия зерттеулері орталығының дамуы жайында және де басқа мәселелер талқыланады.

Ары қарай оқу >>

Бірінші курс күні

13.11.2012

әл-Фараби атындағы спорткешені 18 қараша сағат 10.30-да (№ 1 зал.) 1 курс студенттері арасында командалық жарыс өтеді. Жарыс түрлері мен қатысушылар: арқан тартуда бозбалалар, 5 адам, гір спортыбозбалалар мен қыздар, 4 адамнан, 2-і үздік нәтижеде-сынақ тапсырылады, эстафетақыздар, командада 6 адам, тоғызқұмалақ – 3 адам.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтарының арасындағы «ЖасТур» кубогына жыл сайынғы мини-футбол жарысы басталды

13.11.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін жыл сайынғы мини-футбол жарысында сынап көрмекші. Туризм және Спорт дамыту клубы «ЖасТур», география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы, биология және биотехнология факультетінің дене шынықтыру кафедрасымен бірлесе өткізілетін жарыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін көрсете алады. Осы іс-шараның демеуші ретінде бірінші студенттік туристік фирма YouthTravel және рекреациялық география және туризм кафедрасы қолдау көрсетті. Мини-футбол жарысы қарашаның 10 мен 17-сі аралығында ҚазҰУ спорткешенінде өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнир өз мәресіне жетті

12.11.2012

Алматы қаласында «ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнирдің ақтық мәресі өтті. Еліміздің барлық аймағынан 13 команда, яғни 250-ге жуық жас спортшы жасыл алаңға шықты. Екі күнге созылған жасөспірімдер жарысында жас спортшылар бар өнерлерін ортаға салды. Жарыстың соңғы күні үздік шыққан үш команда анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жас футболшылары кубокты иеленсе, атыраулықтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ынтымақтастық департаменті IAESTE студенттік тағылымдама алмасу бағдарламасына құжаттарды қабылдауды бастады

12.11.2012

IAESTE халықаралық тағылымдама алмасу бағдарламасына техникалық мамандықтардың 3, 4 - курс бакалавр студенттері, магистранттар және PhD докторанттар қатыса алады. Қатысушының оқу үлгерімі жақсы, ағылшын тілін жетік меңгерген және компьютерлік біліктілігі болуы тиіс.

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби» олимпиадасына «он-лайн» түріндегі тіркеу басталды

10.11.2012

Құрметті 10-11 сынып оқушылары! Жыл сайынғы ҚазҰУ өтетін «әл-Фараби» олимпиадасына «он-лайн» түріндегі тіркеу басталды. Егер сен Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орнында білім алғың келсе, дарынды, ақылды, өзіңнің күшіңе сенімді болсаң, «әл-Фараби» олимпиадасына қатыс. Тіркеу www.kaznu.kz сайтында жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Көңілді тапқырлар клубы үздік деп танылды

09.11.2012

8 қарашада Ө.Жолдабеков атындағы Студенттер сарайында Көңілді тапқырлар клубының командаларының қатысуымен «Хабар» агенттігінің кубогы өтті. Бұл шара 1963 жылы 8 –қараша күні ең алғаш КВН ойындарының өткен күніне орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>