Жаңалықтар

ҚазҰУ археологтарының тың табысы

20.06.2023

Қазіргі таңда Қазақстанның археология ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі  тарихи-мәдени мұраларымызды объективті тұрғыда зерделеп, ғылыми айналымға енгізуде екені сөзсіз. Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып-білуде маңызды орын ала­тынын ескерсек, бұл ретте археолог-ғалым­да­ры­мызға жүк­тел­ген міндеттер жеңіл болмасы анық. Еліміз еге­мендік алған жылдардан бастап тарихымыздың көп­те­ген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми-зерттеу жұмыс­та­ры жүйелі түрде жүргізіле бастады. 

Ары қарай оқу >>

Орман өртінің экологияға зияны

19.06.2023

Алапат өрт барысында Семей орманы отқа оранды. Бұл өте өкінішті жағ­­дай. Апаттан 15 адам қайтыс болып, 60 мың гектар орман өрт құшты. Осы ауыр жағдайға байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қара жамылған отбасы­лар­­ға барып көңіл айтып, мемлекет тарапынан оларға көмек бері­ле­тінін жеткізді. Соны­мен қатар 12 маусым «Жалпыұлттық аза тұту күні» болып жариялан­ды. 

Ары қарай оқу >>

Үлкен Британика энциклопедиясына енген қазақ

19.06.2023

Ғұламалар алыс­таған сайын олардың ерек бітімдері ай­рық­ша асқақтай тү­седі. Отандық ма­тема­ти­каның бүгінгідей биік деңгейге жетіп, мәр­­тебесінің асқақ­тауына үлкен үлес қос­қан жан – физика-математика ғылым­дарының докторы, профессор, Қазақ ССР Ғылым академия­сының корреспон­дент-мүшесі Төлеубай Аманов. 

Ары қарай оқу >>

Мемлекет басшысы: Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі

17.06.2023

Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. 

Ары қарай оқу >>

Мемлекет басшысы: Алаш рухы Қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайды

17.06.2023

«Баршаңызға мәлім, қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды. Мұны екі дерек көзі растап отыр.

Ары қарай оқу >>