6B05301 - Химия

 

Білім беру бағдарламасының (БББ) атауы

6B05301 Химия 

Паспорт ОП Химия каз.pdf

Білім беру саласы
6B05 Табиғи ғылымдар, математика и статистика
Дайындық бағыты 
6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы
B053 Химия
ҰБТ-дағы пәндер
Химия, Биология
Оқыту тілі
қазақ, орыс, ағылшын
Кредиттер көлемі
240
Академиялық дәреже
Бакалавр
Оқу мерзімі
4 жыл

Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін сіз химиялық зерттеулер, химиялық өнімдердің жаңа түрлерін жасау, өнім сапасын бақылау, шикізат пен өнімді стандарттау және сертификаттау саласындағы маман боласыз.

Сіз келесі дағдыларды үйренесіз:

 - шикізаттың, компоненттердің және өндірілетін химиялық өнімдердің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

- заттар мен материалдардың құрылымы мен қасиеттерін синтездеу, талдау, зерттеу, олардың қатысуымен өтетін процестерді зерттеу;

 - зертханалық және бақылау-өлшеу жабдықтарымен жұмыс істеу.

  Сіздің мүмкін мамандықтарыңызхимик, химик-лаборант, химик-аналитик
                                   
  Ұқсас дағдылары бар мамандардың бос жұмыс орындарының мысалдары (дереккөз: hh.kz, Ақпан 2023 ж.)

Бос орын Жалақы Ұйым Біліктілік міндеттері мен талаптары
Химик-лаборант қолына 145 мың теңгеден бастап
"ОБИС" ЖШС

Міндеттер:

- Шығарылатын өнімнің физика-химиялық талдауларын орындау, өнімнің шығарылуын бақылау;
- Талдау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу;
- Өндірістің, жуу және дезинфекциялау құралдарының санитариялық жай-күйін бақылау.

Талаптар:

- Орта-техникалық, жоғары (жақсырақ химиялық, технологиялық) білім;
- Өндірістегі 1 жылдық тәжірибеге артықшылық беріледі;
- Сандық және сапалық химиялық талдау тәжірибесі;
- Химиялық талдаулар жүргізу жөніндегі нормативтік құжатты білу;
- Зертханалық және бақылау-өлшеу жабдықтарын, зертханадағы қауіпсіздік техникасы ережелерін білу.
Химик-аналитик қолына 200 мың теңгеге дейін
"DOSFARM" ЖШС

Міндеттер:

- Аралық/дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың физика-химиялық сынақтарын орындау, валидациялық жұмыстарды орындау;
- Жұмыс құжаттамасын уақтылы толтыру, нормативтік құжаттаманы әзірлеу, реактивтердің шығыстарын бақылау;
- Дайын дәрілік заттардың субстанцияларын бақылау;
- Сандық және сапалық талдау;
- Шикізат пен субстанциялардың сынамаларын алу.

Талаптар:

- Жоғары химиялық білім (аналитикалық немесе органикалық химия саласында);
- Фармацевтикалық стандарттарды білу (міндетті емес): GMP, GDP;
- Ұқыптылық, тиімділік, еңбекқорлық, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік;
- Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу: УК-спектрофотометр, өнімділігі жоғары сұйық хроматограф, рН-метр, осмометр, кондуктометр және т.б.;
- Бақылаудың негізгі аналитикалық әдістерін білу;
- Word, Excel бағдарламаларын жетік білу.
Химик-аналитик қолына 150 мың теңгеге дейін
"Аврора Холдинг" ЖШС

Міндеттер:

- Аралық және дайын өнімге физикалық-химиялық талдаулар жүргізу;
- Талдау нәтижелерін тіркеу, журналдарды толтыру;
- Зертханалық жабдықтарды күтіп ұстау және реагенттерді дайындау.

Талаптар:

- Жоғары химиялық білім;
- Жылдам үйрену;
- Өз бетінше де, командада да жұмыс істей білу;
- MS Office, Excel бағдарламаларын компьютерлік білу.
       
Осы БББ түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін кейбір негізгі жұмыс берушілер:

Аты Қала
"ЦеЛСИМ" ЖШС Алматы
"Кока-кола" ЖШС Алматы
"Либелла ботлерс Алматы" ЖШС Алматы
"Объединенная химическая компания" ЖШС  Астана
"АлматыСу" Алматы 
"Райымбек ботлерс" ЖШС Алматы
"КазЭкоАнализ" ЖШС Алматы
"Кемикал Восток" ЖШС Алматы
"Нобел АФФ" АҚ Алматы