Корейтану Академиясының профессоры Чжу Ын Сонгның ғылыми семинары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінің корейтану кафедрасның оқытушы-профессорларына Корея Республикасының корейтану Академиясының профессоры Чжу Ын Сонг ғылыми семинар өткізді. Семинардың тақырыбы «Кореядағы ЮНЕСКО-ға кірген жазба ескерткіштер»

Корейтану кафедрасында Корея Республикасының оқу ағарту және ғылыми ұйымдарының өз ғалым оқытушыларын жіберіп тұру тәжірбиесі сегіз жыл уақыттан бері бар. Тұрақты біріккен бағдарламалар ұзақ уақыттан бері орталықтар мен белгілі ғалымдармен жүзеге асып келеді. Айталық Шет тілдер университетінің (Сеул қ.) профессоры Им Енг Санг, Мичиган университетіндегі корейтану Орталығының директоры профессор Мередит У-Каминг сияқты ғалымдар. Мұндай жобаларда жалпылама таныстыратын дәрістер түрімен де, факультеттің корейтану бөлімдері үшін жаңа оқу бағдарламаларын жасаумен де тиімді болды.

2001-2003 жж. корейтану кафедарасында корей тілінің оқытушысы ретінде Ким Ён Со («Инна» университеті, Инчхон қ.), 2003-2005 жж. Корё университетінің (Сеул қ.) PhD профессоры Нам Сук Джу, 2004-2005 жж. Санмён университетінің оқытушысы Квон Гын Тог, 2005-2006 жж. корей тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде Хен Зехо (Чунг-анг университеті, Сеул қ.) жұмыс істеді. Ал кафедраға арнайы жіберілген профессорларға келсек 2005-2006 жж. KRF (Korea Research foundation) жіберген профессор Хван Ен Сам Корей тарихы, экономикасы және мәдениетінен дәрістер оқыды. 2005-2007 жж. Шет тілдер университетінің (Сеул қ.) Ким Санг Чоль, 2006-2008 Korea Foundation атынан Пайчай университетінің (Пэдже қ.) PhD. Ким Ик Хван, 2008-2009 жж. Пусан университетінің PhD. Янг Мин Джонг кафедрада арнайы жіберілген профессор ретінде жұмыс істеді. Ал биылғы оқу жылында кафедрамызға корейтану Академиясынан профессор Чжу Ын Сонг келіп, жұмыс жасауда.

Семинар тақырыбы көптеген оқытушыларымызды қызығушылығын тудырды. Профессор корей тарихы деректану ғылымының өткен тарихы мен қазіргі кездегі жағдайынан хабар беретін өте көп материалдарды ұсынды. Корей тарихының мол мұрасын тиімді таныту мен деректерді қалай сақталатынын слайд-шоу түрінде көрсетті.

Семинардың нәтижесінде оқытушылар корей деректануы бойынша арнайы курс жасап, оны Қазақстан мен Орталық Азия тарихының деректерімен салыстырмалы талдау жасау сияқты келісімге келді. Профессор Корей тарихының тарихнама мен деректану пәні бойынша бірқатар дипло тақырыптарын ұсынды.