ПӘН БОЙЫНША ОЛИМПИАДА

2010 жыл Оңтүстік Кореяда Қазақстан жылы деп белгіленген. Біздің елмен азиялық барыс елдердің бірімен білім саласындағы қарым-қатынасы 1992 жылдың 28 қаңтар Қазақстан мен Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап орнатылды. 1993 жылы Алматыда Корей Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылғаннан бастап екі елдің білім саласындағы қарым-қатынасы нығая түсті. 1994 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Еуропадағы корейтану зерттеулерінің ассоциациясы бірлесе отырып «Корей филологиясы кафедрасын» ашты, 1999 жылы корейтану кафедрасы деп өзгертілді. Қазіргі таңда кафедра «шығыстану», «аймақтану», «шетел филологиясы: корей тілі», «аударма ісі» мамандықтары бойынша 150 түлек бітіріп шықты. Бітірушілердің барлығы осы заманғы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар болып табылады.

Қазіргі таңда да корей кафедрасы кезекті толық қалыптасқан студенттер дайындауды жалғастыруда.

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті корейтану кафедрасы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2009-2011 жылғы даму стратегиясын жүзеге асыру іс-шараларының шеңберінде Алматы қалалық мектеп оқушылары арасында 2010 жылы 16 ақпанда Корей тілі, тарихы және мәдениетін білу олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиадаға №65 орта мектеп (директоры Аскарова Э.Г.), №159 мектеп-гимназия (директоры Миразова А.Т.) №36 лингвистикалық гимназиясының (директоры Аксерикова А.М.) мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада 2 турда өтті.

І-тур олимпиада қатысушыларының мектептерінде өткізілді. І тур сұрақтары жабық түрде орта мектептердің ұйымдастырушы комитетіне жіберілді. І тур жеңімпаздарын орта мектеп комиссиясы анықтады. ІІ турға әр мектептен 10 жеңімпаз оқушы ұсынылды.

ІІ-тур шығыстану факультеті корейтану кафедрасында өткізілді. Командалар өзара еркін түрде сәлемдесіп, презентация түрінде дайындалған визит карточкаларын көрсетті. Оқушылар корей тілінде өлең айтып, корей ұлттық билерін билеп көрсетті. Қатысушылар жазбаша тест жазып, викторинаға қатысты. Корейтану кафедрасының бітіруші курс студенттері шетелдік сапарлары жайлы презентация дайындап, төменгі курс студенттері студенттік өмірлері жайлы презентация дайындады.

ІІ-тур жеңімпаздары корейтану кафедрасының оқытушыларынан құрылған комиссия анықтады. Жеңімпаздарға дипломдар ұсынылды.

Осы олимпиаданың жеңімпаздар:

1 деңгейлі диплом – 65 мектеп оқушысы Вотчик Наталья

2 деңгейлі диплом – 36 мектеп оқушысы Лебаев Дана

2 деңгейлі диплом – 36 мектеп оқушысы Кожахметова Акерке

3 деңгейлі диплом – 36 мектеп оқушысы Омиралимова Индира

3 деңгейлі диплом – 36 мектеп оқушысы Толеугалиева Лейла

Белсенді қатысушы дипломы - 65 мектеп оқушысы Румбаев Алпамыс