Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы

 


Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы

 

Білімі:

-           1981-1986 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады;

-           1986-1989 жж. – КСРО ҒА философия институтының аспирантурасы (Мәскеу), философия ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация;

-           1996-1999 жж. – ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтында «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

 

Еңбек өтілі:

-           ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің философия және саясаттану институтының оқытушысы. (1989-1999);

-           ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің философия және саясаттану Институтының әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға зертханашысы (1989-1990);

-           ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің философия және саясаттану Институтының әлеуметтік философия және этика бөлімінің ғылыми қызметкері (1990-1992);

-           ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің философия және саясаттану Институтының философия мәдениет және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері (1992-1993);

-           ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің философия және саясаттану Институтының философия мәдениет және саясат бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1993-1996);

-           ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің философия және саясаттану Институтының ғылым және техника философиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1996-2000);

-           Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі. (2000-2002);

-           Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (2003-2004);

-           Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры (2004-2016);

-           Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты (2016-2021);

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы (2021 жылдан бастап).