Жоба AP09259875 «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің жағымсыз эмоциялық күйлерін тану алгоритмдерін жасау»

 

Жетекшісі: психол.ғ.д., профессор Мадалиева З.Б.

 

Өзектілігі:

Қарулы күштердегі қызмет бірқатар ерекшеліктермен сипатталады, ол оны мемлекеттік қызметтің ерекше түріне жатқызуға мүмкіндік береді. Қызметтік міндеттерін орындауға елеулі әсер ететін маңызды тұлғалық-субъективті факторларға әскери қызметшінің психоэмоционалдық жағдайы жатады. Өмір мен денсаулыққа қауіпті төтенше жағдайларда қызметтік міндеттерін орындау кезінде сөзсіз пайда болатын жағымсыз эмоциялар агрессивті-хаотикалық, аффективтік әрекеттерге, не қажетті іс-әрекеттерден бас тартуға және қызметтік міндеттерді орындаудан бас тартуға әкеп соқтыруы мүмкін, бұл жеке құрамның эмоционалдық бұзылуына, жазатайым оқиғаларына, жаралануы мен қаза болуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, әскери бөлімшелердің жеке құрамыныңжағымсыз эмоциялық күйін (қорқыныш, агрессия, үрейлену, депрессия, шиеленіс және т.б.) және адамның вербалдық емес экспрессиясы бойынша жүзеге асыруға болатын әскери қызметшілердің қызметтік іс-әрекетінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мәселелерін шешу үшін суицидтік мінез-құлықты уақытылы анықтау және алдын алу үшін психоэмоционалдық күйінің мониторингі аса маңызды және өзекті болып табылады.

Осылайша, заманауи зерттеулердің өзекті жай-күйіне жүргізілген талдау эмоционалды жағдайларды, әсіресе жағымсыз жағдайларды тану алгоритмдерін әзірлеудің жоғары маңыздылығы мен перспективасын көрсетті. Алайда, осы салада жинақталған білім олардың қарапайым компиляциясын жүзеге асыруға және ҚР ҚК эмоциялық күйлердің психологиялық мониторингі міндеттерін шешу үшін көшіруге мүмкіндік бермейді. Әскери қызметтің ерекшеліктерін, сондай-ақ ҚР ҚК жеке құрамының индивидуалды-типологиялық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы алгоритмдерді нақтылау, толықтыру талап етіледі. 

Негативті эмоционалдық жай-күйлерді тану алгоримдерін әзірлеуді қолданбалы зерттеулерге жатқызуға болады, әрі қарай бұл жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен психологиялық әл-ауқатын арттырудың қолданбалы міндеттерін, әскери қызметшілердің психологиялық жағдайына байланысты ықтимал қауіп факторларын уақытылы анықтау арқылы қауіпсіздік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Болашақта олардың негізінде видеоскрининг үшін жоғары интеллектуалдық модельдер әзірленетін болады. Біз алынған нәтижелер азаматтық субъектілер үшін де қызықты болады деп болжаймыз, өйткені біз әзірлеген алгоритмдер этнопсихологиялық және жыныстық-жас ерекшеліктерін ескереді. Жауынгерлік кезекшілік атқаратын бөлімшелердің қашықтығына байланысты әскери қызметтің ерекшеліктері, сондай-ақ елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай (COVID-19) пандемиясы бойынша төтенше жағдай және карантин) бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да әскери қызметшілердің жағымсыз эмоционалдық күйінің көрінуіне жол бермеу мақсатында онлайн режимінде жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін психоэмоционалдық күй мониторингінің жаңа форматтарын әзірлеуді талап етеді.

Нәтижеге жету үшін эмоционалды күйлерді танудың барлық қолданбалы және іргелі зерттеулеріне мұқият мета-талдау жүргізу қажет, оның нәтижелері өзіндік жеке өнімді - әскери кадрлардағы эмоционалды жағдайларды тану алгоритмін жасау үшін қолданылады.

Жобаның мақсаты - кәсіби ортадағы мінез-құлықтың психологиялық моделін құру негізінде жағымсыз эмоциялық күйлерді тану мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріадамдарының (әскери қызметкерлерінің) бет әлпеті алгоритмдерін зерттеу және дамыту.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі:

-Эмоциялар ұғымын жалпы психологиялық құбылыс ретінде нақтылау, оның құрылымын, бағалау критерийлерін және жеке құрамның индивидуалды-типологиялық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әскери қызметкерлердің күнделікті өміріндегі рөлін анықтау;Начало формыКонец формы 

- Әскери қызметкерлердегі теріс эмоционалды күйлердің алгоритмдерін зерттеу бойынша зерттеудің эмпирикалық бөлігінің дизайнын жасау үшін когнитивті нейроғылымның заманауи әдістеріне, сонымен қатар теріс эмоционалды жағдайларды зерттеудің теориялық және қолданбалы әдістеріне терең жүйелі талдау жүргізу; 

- ҚР ҚК жеке құрамының жеке-типологиялық және этнопсихологиялық ерекшелігін ескере отырып, әскери қызметшінің мінез-құлық моделін, атап айтқанда жауынгерлік кезекшілік жағдайында жағымсыз эмоциялық күйлерінің алгоритмдерін әзірлеу және эмпирикалық тұрғыдан тексеру. 

- Алынған нәтижелердің негізінде әскери ортадағы әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоциялық күйлерін тану алгоритмдеріне арналған оқу бағдарламасын әзірлеу және негіздеу.

Психологтарды даярлаумен айналысатын ҚР университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Эмоциялық күйлердің пайда болуының ерекшеліктері» SPOC әзірлеу және енгізу.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

1. Эмоциялар ұғымын, оның құрылымы мен бағалау критерийлерін анықтау (ККСОН журналындағы мақала)

2. Когнитивті нейроғылымның теориялық негіздері мен әдістерін, теріс эмоционалды жағдайлардың ерекшеліктерін жалпылау мен жүйелеу және зерттеудің эмпирикалық бөлігінің дизайны

3. ҚР ҚК жеке құрамының индивидуалды-типологиялық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жауынгерлік кезекшілік жағдайында жағымсыз эмоциялық күйлерінің көріну алгоритмдерімен әскери қызметшінің мінез-құлық моделі

4. Әскери орта жағдайында әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоционалды жағдайларын тану алгоритмдерін оқыту бағдарламасы.

5. Психологтарды даярлаумен айналысатын ҚР университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Эмоциялық күйлердің пайда болуының ерекшеліктері» SPOC.

 

Қол жеткізген нәтижелер:

1. Психологиялық әдебиеттердегі жағымсыз эмоционалдық күйлерді танудағы отандық және шетелдік тәжірибелер зерттеліп және теориялық шолу жасалды.

2. Теріс эмоционалдық күйлерді танудың қолданыстағы шетелдік және отандық бағдарламалары жалпыланып, жүйеленді. Әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоционалдық күйлерін тануды зерделеу және талдау тәртібінің жалпы схемасы жасалды.

3. Әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоционалдық күйлерін тануды зерттеудегі әлем елдерінің тәжірибесіне теориялық шолу жасалды

4. Әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоционалдық күйлерін тану алгоритмін жасау бойынша әлем елдерінің тәжірибесі жүйеленді. Әскери қызметкерлердің жағымсыз эмоционалдық күйлерін тану алгоритмін әзірлеудегі елдердің озық тәжірибесі негізінде жүйелік картасы жасалды.

5. Теориялық шолу нәтижелері бойынша «Әскери қызметкерлердегі жағымсыз эмоционалдық күйлерді тану» монографиясы жарық көрді.

6. Әскери қызметкерлердегі жағымсыз эмоционалдық күйлерді тану» монографиясына байланысты 2021 жылдың 28 қыркүйегінде № 20550 авторлық куәлік алынды.

 

Зерттеу тобының құрамы:

Аты-жөні

Scopus Author ID

ORCID

Мадалиева Забира Бекешовна – психол.ғ.д., профессор

57189508588

https://orcid.org/0000-0003-4890-9240

 

Масалимова Алия Рмгазиновна – филос.ғ.д., профессор

 

56610257900

https://orcid.org/0000-0003-0708-2478

 

Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна–психол.ғ.к., аға оқытушы

56584435000

https://orcid.org/0000-0001-9297-8089

 

Сухов Андрей Олегович

ізденуші. психол.ғ.к., аға оқытушы

 

https://orcid.org/0000-0001-7513-2110

 

Садвакасова Зухра Маратовна – пед.ғ.к., доцент

56366558900

https://orcid.org/0000-0002-1380-0985

 

Садыкова Назира Маргушовна –психол.ғ.к.,

аға оқытушы

57216611800

https://orcid.org/0000-0002-1769-0656

 

Сариев Диас магистрант

 

https://orcid.org/0000-0003-3431-8722

 

Жарияланымдар:

Монография:

1. Распознавание негативных эмоциональных состояний у военнослужащих: монография / З.Б. Мадалиева, С.К. Кудайбергенова, З.М. Садвакасова, Г.А. Касен, А.О. Сухов. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2021. – 218 с. ISBN 978-601-04-5680-8.

2. Авторлық құқық №20550 28 қыркүйек 2021. Монография. Распознавание негативных эмоциональных состояний у военнослужащих.   Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К, Садвакасова З.М., Касен Г.А., Сухов А.О. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.

7 мақала шықты, оның 5 негізгі:

1.Сухов А.О., Ботин Д.М. Особенности проявления негативных эмоциональных состояний среди военнослужащих. - Научные труды ВИИЗЭиС. - №3(45), 2021.- с. 122-127.

2.Сaдвакасова З.M., Құсаин А.Х. Психологическая устойчивость личности //Вестник Казахского национального университета им аль-Фараби «Серия социологии и психологии» - №1, 2021-с. 94-103.

3.Кудайбергенова С К., Садыкова Н.М., Алиева Ж.М, Садвакасова З.М. Психологиялық зертеулердегі мазасыздық (әдеби шолу материалдары). Вестник КазНПУ, № 3, 2021. – с. 76-81.

4.Садвакасова З.М., Мадалиева З.Б. Сариев Д. Садыкова Н.М. К вопросу изучения агрессивного поведения человека. Вестник КазНПУ. - № 3, 2021. - с 87-94.

5.Кудайбергенова С.К., Мадалиева З.Б., Алкамбаев К, Адиев А.С. Исследование негативных эмоциональных состояний и субъективного благополучия курсантов высших военных учебных заведений.// Вестник Казахского национального университета им аль-Фараби, серия «Педагогические науки».-№4(69) -2021( в печати)

Конференция материалдары

1. Кудайбергенова С.К., Мадалиева З.Б., Садвакасова З.М., Сухов А.О. - Распознавание негативных эмоциональных состояний военнослужащих как психологическая проблема / Материалы международной научно-методической конференции «Роль психологической науки и практики в решении социальных проблем общества», посвященной 60-летию со дня рождения доктора психологических наук, профессора, академика КазНАЕН М.А. Перленбетова и II-го съезда РОО «Казахское психологическое общество». – Алматы, 2021 г. - с.78-83.

2. Сaдвакасова З.M., Аймаганбетова О.Х., Мадалиева З.Б., Назарова М.Т. - Роль эмоционального интеллекта в распознавании негативных эмоциональных состояний личности / Материалы международной научно-методической конференции «Роль психологической науки и практики в решении социальных проблем общества», посвященной 60-летию со дня рождения доктора психологических наук, профессора, академика КазНАЕН М.А. Перленбетова и II-го съезда РОО «Казахское психологическое общество». – Алматы, 2021 г. – с.123-131.