7М05406 Іргелі және қолданбалы математика

Білім беру бағдарламасын атауы

7М05406 Іргелі және қолданбалы математика

Білім беру саласы

Математика және статистика

Оқыту бағыты

Математика және статистика

Білім беру бағдарламаларының тобы

Математика және статистика

Мақсат

  • Абстрактілі және сыни ойлау, талдау, синтез және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайын болу қабілеттерін қалыптастыру.
  • Математика, физика, механика, экономика және менеджменттің қолданбалы есептерін шешудің тиімді математикалық әдістерін әзірлеу.
  • Объектілердің, жүйелердің, процестердің және технологиялардың математикалық модельдерін құру және оларды математикалық әдістер арқылы зерттеу.
  • Жүргізіліп жатқан зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді пайдалана отырып, жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың заманауи әдістерін қолдана отырып, жаратылыстанудың қолданбалы мәселелерін шешуге арналған бағдарламалық кешен құру.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредит көлемі

120

Ғылыми дәреже 

Магистр

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасының көптілді және көпмәдениетті қоғамында және халықаралық аренада коммуникация және интеграция үшін лингвистикалық және лингвомәдени білімдерін сауатты пайдаланады, топта жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
  • Ғылымда, өндірісте және экономикада оңтайлы басқару әдістері теориясы мен математикалық физиканың заманауи жетістіктерін енгізу.
  • Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, математикалық пәндер бойынша сабақтар өткізу, олардың әдістемелік қамтамасыз етілуін дамыту.
  • Дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физиканың сызықтық емес есептерін дөңес талдау және минимизациялаудың заманауи әдістерін қолдана отырып шешу.
  • Жаратылыстанудың қолданбалы мәселелерін функционалдық талдаудың заманауи және классикалық әдістерімен шешу.

Өтініш берушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1812

Оқу іс-әрекеті

 

Ғылыми қызмет

 

Халықаралық қызмет

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)