БҮКІЛӘЛЕМДІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ

03.05.2022

Көрулер: 972

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс магистранттары және қауымдастырылған профессор А.К.Қожаханның ұйымдастыруымен еңбекті қорғау күніне орайластырылған «Бүкіләлемдік қауіпсіздік және еңбекті қорғау күніне» арналған аралас форматта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға оқытушылар мен студенттер, сонымен қатар Түркия, Мальта, Әзірбайжан, Өзбекстаннан арнайы қонақтар қатысты.

Ақпараттық технологиялар ғасырында QR көмегімен жаңа технологияларды қалай тиімді қолдануға болатынын магистранттар мысалдар келтіре отырып көрсететіп берді. Стендтерден QR кодтарына телефон камерасын тақап, код таңбасына апарып бір уақытта қажет ақпаратты таба алады. Сондай-ақ, quizz.com сайтында онлайн ойын өткізді. Студенттер өз мамандықтары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Шетелдік қонақтар өз елдеріндегі еңбек қорғау заңнамалары, өндіріс орындарындағы еңбек қорғау тәртібі, ерекшеліктері, өзекті мәселелері туралы әсерлі баяндап берді.

Қатысушы қонақтарға, студенттерге арнайы сертификаттар және жеңімпаз топтың әр мүшесіне каска сыйлыққа берілді.