5В060800-Экология мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

29.04.2022

Көрулер: 1045

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 2022 жылғы 20-21 сәуірде "5В060800-Экология" мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысу үшін 21 команда өтініш білдірді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, "НАРХОЗ" университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, КЕАҚ "Торайғыров университеті", М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Олимпиада онлайн режимінде, ZOOM платформасында өтті.

Екі турдың қорытындысы бойынша командалық есепте абсолютті жеңімпаздар анықталып, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің дипломдарымен марапатталды:

І дәрежелі:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті: Белоусов Иван Денисович, Муканова Бэлла Алмасовна, Базылева Алина Маратовна, жетекші - Хамитова Корлан Кадырбековна

 

ІІ дәрежелі:

- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті: Болатова София Маратовна, Жамантаева Камила Асылбековна, Марчук Екатерина Владимировна, жетекші - Утарбаева Айжан Шарельевна

- НАО «Торайгыров университет»: Бакибаева Зейнегуль Аркатовна, Романчева Наталья Сергеевна, Камерденов Адильбек Евгеневич, жетекші - Сергазинова Зарина Мухтаровна 

 

ІІІ дәрежелі:

- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті: Дузмагамбетова Жанна Боранбаевна, Гарипова Жанна Сарсенбаевна, Васильева Екатерина Дмитриевна, жетекші - Магистр Бекбаулина Надежда Сергеевна

            - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті: Нұрмагамбетов Жарас Мұратұлы, Амангельдинов Нариман Аманжанович, Қабдреш Қалима Қабдрешқызы, жетекші - Кейкин Ернар Куатович

           - КЕАҚ Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті: Отарбаева Ләззат Әсетқызы, Қабдұлмәжитұлы Асанәлі, Құрмағалиев Ерасыл Асқарұлы, жетекші - Мурзалимова Асель Кабдыгалиевна