IX Халықаралық студенттер форумы: "Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа"

25.04.2022

Көрулер: 1338

2022 жылдың 21-22 сәуірінде география және табиғатты пайдалану факультеті Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдығына арналған "Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа"атты IX Халықаралық студенттік форумын өткізді.

Форумның мақсаты жастардың , басқару органдары мен ғылым, білім беру, бизнес өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан мен оның өңірлерінің қалың жұртшылығының назарын экожүйелерді қорғауға және қалпына келтіруге, климаттың өзгеруі мен оның салдарымен қарсы күреске, қалдықтармен "жасыл" жұмыс істеуге және тұтастай алғанда, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мәселелерге аудару болды.

Биылғы жылғы іс-шараға қатысуға "жер және қоршаған орта" туралы ғылым бағытындағы іс-шараға жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, студенттер шақырылды.

Форумға алыс және жақын шетелдерден (Ресей, АҚШ, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан және басқа елдер) студенттік және жастар ұйымдарының өкілдері, панельдік отырыстарда өз баяндамаларын ұсынған жастар саясаты саласында жұмыс істейтін сарапшылар мен мамандар белсенді қатысты.

Форум жұмысы пленарлық отырыс және 5 секция түрінде өткізілді. Форумды өткізу күніне орай материалдар жинағы шығарылды, онда 7 елден және 46 ұйым авторларының 116 баяндамалары мен мақалалары жарияланды.