«ЮНЕСКО-ның су отбасы: Орталық Азиядағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел

12.12.2021

Көрулер: 1556

2021 ж. 10 желтоқсанда «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросымен ынтымақтастықта Қазақстан-Неміс университетінің ұйымдастыруымен "ЮНЕСКО-ның су отбасы: Орталық Азиядағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында онлайн-форматта дөңгелек үстелге қатысты.

Аталмыш дөңгелек үстелдің мақсаты ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасының (ҮГБ) рөлін нығайту мүмкіндіктерін талқылау болды. Аталған іс-шара шеңберінде Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты басқару саласында жұмыс істейтін ЮНЕСКО орталығының, кафедраларының және комитеттерінің өкілдері тәжірибе алмасып, олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қиындықтарды талқылады.

Іс-шараға қатысқан «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгерушісінің орынбасары О.А. Зубова қатысушыларды су ресурстарын біріктірілген басқару саласындағы кафедра қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Атап айтқанда, ол «Су айналымын интеграциялап басқару: білім беру мен бизнестегі тиімділікті, біліктілікті арттыру және ықпал ету» атты TEMPUS I-WEB халықаралық жобасына кафедраның қатысу нәтижелері туралы, атап айтқанда: су ресурстарын интеграциялап басқару бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларды әзірлеу, Болон процесі мен басқа да кәсіби ұйымдардың талаптары бойынша модульдерді қамтитын оқыту нәтижелерін әзірлеу, «Су айналымын интеграциялап басқару: білім беру мен бизнестегі ықпалдастықты арттыру» (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде) және осы тақырып бойынша глоссарийді баяндады.