6B07109 - Өндірістік электроника және басқару жүйелері

Білім беру бағдарламасының атауы

6B07109 Өндірістік электроника және басқару жүйелері

Білім беру саласының коды және жіктелуі

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

6B071 Инженерия және инженерлік іс

БББ тобы

Электр техникасы және автоматтандыру

мақсаты

"Өндірістік электроника және басқару жүйелері" білім беру бағдарламасының мақсаты: Инженерлік мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ озық инженерлік зерттеулерді орындау үшін қажетті жеткілікті білімі мен жүйелі түсіну дағдылары бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету. Тиімділікті арттыру мақсатында өндірістік технологияларды жаңғыртуға қабілетті ҚР даму перспективаларына сәйкес электроника және басқару жүйелері саласында отандық және халықаралық еңбек нарығы үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру.

тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредит саны

240 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

"6В07109 Өндірістік электроника және басқару жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Оқыту нәтижелері

Берілген білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болады деп күтілуде:

ON1.Электроника, оптоэлектроника, микроэлектроника және электротехника негізінде жатқан негізгі физикалық процестерді түсіну, сандық және аналогты электрондық өлшеу аспаптары мен түрлі арнайы мақсаттағы құрылғыларды жобалау мақсатында электр тізбектерін есептеу, талдау және модельдеудің   математикалық әдістерін қолдану.

ON2.Ақпаратты сандық өңдеу және кодтау, деректерді интеллектуалды талдау, шешім қабылдау алгоритмдерін құру, басқару теориясының негіздері, бейнелерді өңдеу, компьютерлік көру, нейрондық желілер және машиналық оқыту үшін жасанды интеллект жобалаудың заманауи әдістері, сондай-ақ роботталған жүйелерді жобалау негізінде жатқан электр тізбектерін жобалаудың физика-математикалық принциптері мен әдістерін түсіндіру.

ON3. Басқару жүйелерінде, коммуникациялық жабдықтарда және бақылау және мониторинг блоктарында сигналдарды беру, қабылдау және өңдеу үшін физика-математикалық әдістерді қолдану және алынған нәтижелерді басқару жүйелерінде цифрлық электрондық құрылғылардың көмегімен түсіндіру.

ON4. Аналогтық және сандық электроника, басқарудың адаптивті жүйелері және роботталған жүйелер саласындағы әр түрлі мақсаттағы электронды құрылғыларды жобалау үшін инженерлік міндеттерді заманауи аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып шешу.

ON5.Микропроцессорлар, микроконтроллерлер, бағдарламаланатын логикалық интегралды схемалар және электрондық сенсорлар негізінде өнеркәсіптік электронды құрылғылардың функционалдық блоктарын жасау үшін модельдеудің, бағдарламалаудың және симуляцияның қазіргі заманғы әдістерін қолдану.

ON6. Заманауи аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, өнеркәсіптік электроникада қолданылатын сандық құрылғыларды жасау үшін электрлік және оптикалық компоненттерді, интегралды схемаларды, микропроцессорларды және микроконтроллерлерді қолдана отырып, электронды құрылғылар мен сандық басқару құрылғыларын жобалау.

ON7. Тиісті бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен диагностика мен тестілеуді өткізу үшін аппараттық деңгейде өнеркәсіптік, түрлендіргіш электрондық жүйелерді құрудың негізгі принциптерін интеграциялау және талдау.

ON8.Аналогты және цифрлық электрондық құрылғыларды, кодтау,фильтрлеу, беру, қабылдау және істен шығудан қорғау және өнеркәсіптік интеллектуалды адаптивті басқару жүйелері құрылғыларын әзірлеу үшін рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды жобалау әдістерін қолдану.

ON9. Мониторинг, қашықтықтан басқару және IoT технологиялар жүйелерін жобалау үшін технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің көмегімен өнеркәсіптік процестерді басқару жүйесін ұйымдастыру.

ON10. Қойылған техникалық тапсырмаларды шешу үшін жеке блоктар мен электрондық құрылғыларды, бақылау және автоматтандыру жүйелерін, есептеу және өлшеу техникасын және роботталған жүйелерді жобалау және есептеуді жүргізу.

ON11.Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, этикалық, Денсаулық, қауіпсіздік, технологиялылық және тұрақты даму сияқты нақты шектеулер шеңберінде қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы SMART технологиялары мен заттарды пайдалана отырып цифрлық электрондық жүйелерді жобалау.

ON12.Тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің негіз қалаушы принциптерін, методологиясы мен тұжырымдамасын, оның ішінде шет тілін қолдану, кәсіби қызметпен байланысты мақсаттар мен міндеттерді қою кезінде жүйелі ойлау қабілеті болу, дүниетанымдық және азаматтық мәселелерде өзіндік көзқарасын қалыптастыру, кәсіби қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру, электрондық және цифрлық құрылғыларды әзірлеу бойынша зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету.

Үміткерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1690

Академиялық істер жөнінде

Кадрлық әлеует: кафедрада жұмыс істейді:

- 11 физ.-мат. және техн.ғылым докторлары.

-12 профессор;

-22 физ.-мат. және техн.ғылымдары үміткерлері;

-16 доценттер;

-18 PhD докторы.

Бакалавриаттың академиялық бағдарламасы жобалау-конструкторлық және өндірістік-технологиялық қызметке бағытталған.

Бакалавр қандай ұйымда жұмыс істейтініне байланысты келесі қызмет түрлері қарастырылады:

  • ·  басқару жүйесін құру үшін ақпараттық деректерді жинау және талдау;
  • ·  электрондық жүйе элементтері параметрлерінің мәндерін таңдаумен байланысты есептерді орындау;
  • ·  техникалық тапсырмалар мен құжаттаманы, сондай-ақ электрондық техникамен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларды құрастыру;  
  • ·  техникалық кеңес беруді жүзеге асыру және пайдаланушыларға немесе тапсырыс берушілерге электрондық аппаратурамен жұмыс істеуге үйретеді.

Ғылыми ісі жөнінде

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар:

  1. Samsung инновациялық академиясы
  2. Huawei information network academy
  3. Cisco Academy
  4. Инженерлік зертхана
  5. Ұлттық ашық типтегі нанотехнология зертханасы
  6. Сандық электроника зертханасы
  7. Микроэлектроника зертханасы
  8. Наноэлектроника зертханасы
  9. Электрондық және өлшеу жабдықтарының зертханасы

 

Халықаралық ісі жөнінде

Оқу үдерісі барысында студенттер семестр немесе жыл бойы ҚР-нан басқа жоғары оқу орнында немесе шетелде өз ЖОО-да кредит түрінде меңгерілген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта сынақтан өткізу арқылы оқуға мүмкіндігі бар. Қашықтықтан оқыту технологиялары басқа елдің ЖОО-да тағылымдамадан өту немесе оқу үшін елден тыс жерлерге кеткен қашықтықтан оқыту нысаны бар студенттер үшін оқу үрдісінде қолданылады.

Сапаны қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Практика базалары:

- АҚ «Локомотив құрастыру зауыты»

- ЖШС “RobiGroup”

- ҚР ЖОО-ры

- Мемлекеттік мекемелер

- Басқару және электроника жүйелері бойынша жеке компаниялар

- АҚ «Қазақстан темір жолы»

- ЖШС «Alem Research»

- ҰМ Алматы қаласының «төтенше жағдайлар департаменті»

- "Самұрық-Энерго" АҚ, Алматы ЖЭО-2

- ЖШС «Корпорация Сайман»

- ЖШС «ЭлтексАлатау»