7М07120 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар
Білім беру бағдарламасыныңатауы |
7М07120 Наноматериалдар және нанотехнологиялар |
Білімсаласы |
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Дайындықбағыты |
7М071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларыныңтобы |
М108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар |
БББ мақсаты |
«7М07120 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты Нанотехнология саласында ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізу және физикалық және химиялық әдістермен наноматериалдарды синтездеу бойынша элективті бағыттар білімін пайдалана отырып, берілген қасиеттері бар наноматериалдарды жасау үшін инженер-технологтардың, ғылыми қызметкерлер мен сынаушылардың жеткілікті білімі бар, сондай-ақ наноматериалдардың қасиеттерін спектроскопия мен микроскопияның қазіргі заманғы әдістерімен талдау жүргізе алатын мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
Кредиттердің көлемі |
120 |
Берілетін академиялық дәреже |
«7М07120 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі |
Оқытудың нәтижесі |
Осы білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін, білім алушылар: 1.наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы нақты ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу үшін наноматериалдарды синтездеудің тұжырымдамалық ережелері, теориялық және практикалық әдістері жайында өз білімдері мен түсініктерін көрсетуге қабілетті болады. 2.қолданбалы есептерді шешу үшін нано объектілер мен олардың композиттерін алудың физика-химиялық әдістерін, сондай-ақ электрондық және зондық микроскопия және спектроскопияның қазіргі заманғы әдістері негізінде наноматериалдардың құрылымдарын, құрамын, морфологияларын және басқа да қасиеттерін зерттеу әдістерін қолдануға қабілетті болады. 3.наноматериалдар мен нанотехнологияның салаларында наноқұрылымды түзілістерді алуда іргелі және қазіргі заманғы білімді қолдануға қабілетті болады. 4.ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін талдау үшін наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы зерттеу контексті шеңберінде заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды түсіндіруге қабілетті болады. 5.жаңа функционалдық наноматериалдар жасау мақсатында инновациялық технология саласында шетелдік және қазақстандық ғылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. 6.плазмохимиялық технологиялардың көмегімен наноқұрылымды композициялық материалдарды синтездеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру үшін тәжірибелік және теориялық зерттеулер үшін қажетті жаңа ғылыми-инновациялық қызмет түрін іздеу, сақтау, өңдеу және беру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. 7.нанотехнологияның пәнаралық салаларындағы міндеттерді шешу үшін ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби дағдыларды практикада қолдану. 8.зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау, алынған білім негізінде белгілі қасиеттері бар наноматериалдарды алу бойынша міндеттерді шешу кезінде дербес шешім қабылдау және оларды негіздеу. 9.наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы заманауи ғылыми концепциялар мен теорияларды дербес зерттеу объектісі мен пәнін анықтау үшін сыни бағалау. 10. наноқұрылымды композициялық бөлшектерді алу және түрлендіру үшін ғылыми зерттеулер алгоритмдерін әзірлеу. 11. наноматериалдар мен нанотехнологиялардың аралас салаларында бастапқы ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеу жүргізу жолымен жаңа идеялар мен білімді генерациялау, олардың нәтижелері реферацияланған жарияланымдарда ұсынылады. 12. шешімдерді әзірлеу және оларды жүзеге асыруға қатысу үшін оқу және зерттеу қызметінің басымдықтарын талдау, қоғам қажеттіліктерімен жеке мүдделердің ұштасуын көрсету, халықаралық конференцияларда ғылыми ортадағы зерттеу нәтижелері туралы баяндай білу, өз көзқарасын қорғау. |
Оқуға түсушілер үшін |
https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1570 |
Академиялық қызмет |
ББ академиялық қызметін жүзеге асырады: - наноматериалдар және нанотехнологиялар саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде, - университете оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде; - әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату; -университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасынасәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу ; ; -оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингі мен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен; -оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен |
Ғылыми қызмет |
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте келесідей зертханалар бар:
«Оптика» жалпы физика курсы бойынша
Практика базалары: − ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы КазҰУ» ШЖҚ РМК «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты»ШЖҚ ЕМК − ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы КазҰУ» ШЖҚ РМК «Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана» ШЖҚ ЕМК − ҚР БҒМ "Жану мәселелерінің институты" ШЖҚ РМК − ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы КазҰУ» ШЖҚ РМК «Жаңа химиялық технологиялар мен материалдардың ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ ЕМК − ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы КазҰУ» ШЖҚ РМК «Физикалық және химиялық зерттеулеулер мен талдаулар әдісінің орталығы» ШЖҚ ЕМК − әл-Фараби атындағы КазҰУ жанындағы инженерлік бейіндегі зертхана − Мәскеу энерегтика институты (техникалық университет) − Ресей ғылым академиясының «Микроэлектроника технологиялары мен асатаза материадар мәселелерінң институты» Федералдық мемлекеттік государственное бюджеттік ғылыми ұйымы (РҒА МТМИ)
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ғылыми бағыттары: − тозаңды плазманы теориялық және эксперименттік зерттеу және тозаңды плазманың жаңа модельдерін жасау, тозаңды плазма негізінде жаңа технологияларды жасау. − ТОКАМАК-10 энергетикалық қондырғыларындағы зерттеу нәтижелеріне қашықтықтан қол жеткізу мысалында - плазма физикасын алыстан оқыту әдістері (технологиялар) − қолдану саласындағы зерттеу: плазмалық технологиялар; оларды зерттеу және өңдеу − Қолданбалы наноқұрылымды оксидті жартылай өткізгіштерді алу технологиясын әзірлеу − Люминесцентті қасиеттері бар наноқұрылымды материалдарды синтездеу әдістерін әзірлеу. − Кремний карбидінің наноқұрылымдарын синтездеудің плазмохимиялық технологиясын әзірлеу. − Төмен температуралы кешенді плазмада наноқұрылымды композициялық бөлшектер мен металдары бар көміртегі пленкаларын алу және түрлендіру. − Ағзадағы наноөлшемді онкорадиогенді құрылымдарды қалыптастыру механизмдерін іргелі зерттеу және оларды анықтау үшін антиракқа қарсы экспресс-аспаптарды әзірлеу. − Наноқұрылымды жартылай өткізгіштердің сызықты емес электр, оптикалық және фракталды-геометриялық сипаттамаларының өзара байланысы. − Импульсті плазмалық тозаңдату әдісімен наноматериалдарды алу және оларды өндірісте қолдану. − Монтмориллониттен нано - және микроклин алу технологиясын әзірлеу. − Қазақстанның кен орындарындағы мұнайберудің жылуға және тұзға төзімді наноқұрылымды поликомпозитін арттырудың интеграцияланған коллоидты-химиялық технологиясын әзірлеу. − Титан диоксидінің және металл нанобөлшектерінің негізінде наноқұрылымды композициялық материалдарды алу және олардың құрылымы мен электрондық қасиеттерін зерттеу. − Платина тобы металдарының нанобөлшектері бар көміртегі ортасы негізінде жаңа композиттік материалдар жасау. − Функционалданған графендік наноқұрылымдар негізінде қорғаныс жабындарын құру технологиясын әзірлеу және олардың қасиеттерін зерттеу. − Тиындарды, құймаларды және бағалы металдардан жасалған бұйымдарды голографиялық қорғауға арналған электронды-ионды литография технологиясы. − Жер, жер маңы және атмосфералық процестер физикасының аралас салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер және оларды практикада қолдану − Кең ауқымды қолдану үшін көміртекті наноқұрылымды материалдар өндірісін ұйымдастыру − Жаңа технология негізінде жарықтандырудың жоғары қарқындылығы бар энергия үнемдейтін газразрядты шамдардың ұсақ сериялы өндірісін ұйымдастыру.
Шетелдік жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен салыстыру: Массачусет технологиялық институты, АҚШ |
Халықаралық қызмет |
Академиялық ұтқырлық: − Валенсия политехникалық университеті (Испания) − Мәскеу энергетика институты (техникалық университет), Мәскеу қ., Ресей − Росток, Гайдельберг, Грайсфальд, Ерланген қалаларының университеттері(Германия), − Плазмалық зерттеулер институты исследований, Гуджарат, Үндістан, − Орлеан университеті, Франция − Аризона университеті, АҚШ − Л.Д. Ландау атындағы теоретикалық физикаинституты, Черноголовка қ., Ресей − БР ҰҒА Физика институт, Белоруссиямемлекеттік университеті, Беларусь Республикасы − Париж Университеті, Франция, − РҒА Жоғары температуралар біріктірілген институты, Ресей − Осака Университеті, Лазерлік инженерияинституты (Жапония) − Будкер атындағы Новосібір Мемлекттік Техникалық университеті.
|
Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) |
БББ аккредитациясының бар болуы: Халықаралық аккредитация Аккредитациялық ұйымның атауы: ASIIN Аккредитация мерзімі: 26.09.2014-30.09.2020 Білім беру бағдарламасының ҚР ЖОО арасындағы рейтингісінің қорытындысы бойынша алатын орны: НААР - 1 орын НКАОКА - 1 орын
Екі дипломды БББ (ЕДБББ) Серіктес-ЖОО (ЕДБББ): Орлеан политехникалық университеті
"Наноматериалдар және нанотехнологиялар" мамандығы бойынша кадрлар даярлау келесі кәсіби қызмет бағыты үшін жүргізіледі: ✔ білім беру (ЖОО-дағы оқытушы); ✔ ғылыми-зерттеу (материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу бойынша, зерттеулердің қажетті әдістерін таңдау және жаңа технологиялық процестерді игеру кезінде, ғылыми мақалаларды жазу және жариялау кезінде, ғылыми конференцияларда ғылыми есептер мен баяндамалар дайындау кезінде); ✔ өнеркәсіп (авиағарыштық кешен кәсіпорындары, машина жасау компаниялары); ✔ өндірістік-технологиялық (әртүрлі техникалық құрылғыларды, аспаптар мен жабдықтарды жасау және өндірістік-технологиялық процестің жағдайын бақылау саласында). ✔ Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады:
Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады ******
өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, білім беру саласы
|