6B05305 - Физика және нанотехнология

Білім беру бағдарламасы

6B05305 –Физика және нанотехнология

Білім саласы

6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B054 Физика

БББ мақсаты

Мақсаты - физика және нанотехнология саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет саласында жұмыс істей алатын және ғылыми-техникалық аудармаларды сауатты істей алатын бәсекеге қабілетті мамандарды, аналитикалық ғылыми ойлау және ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген бакалаврларды дайындау; кәсіби команданың жетекшісі ретінде жұмыс жасау үшін жеке қасиеттерді дамыту.

 

Оқыту тілі

Қазақ,Орыс,Aғылшын

Кредиттердің көлемі

240 академиялық кредиттер

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

  1. Қолданбалы және іргелі зерттеулер үшін объектілерді, құбылыстарды және процестерді физикалық, химиялық және математикалық зерттеу әдістері туралы білімі мен түсінігін көрсету;
  2. Қолданбалы есептерді шешу үшін нанообъектілер мен олардың композиттерін алудың физика-химиялық әдістерін, наноматериалдардың құрылымдарын, құрамын, морфологияларын және басқа да қасиеттерін сипаттау әдістерін қолдану;
  3. Макро және микрообъектілердің құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы өзара байланысты анықтауға арналған есептерді шығаруда іргелі және қазіргі заманғы білімді қолдану;
  4. Ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін талдау үшін физика және наноматериалдар саласындағы зерттеу контекст шеңберінде қазіргі ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды түсіндіру;
  5. Жаңа функционалдық наноматериалдар жасау мақсатында инновациялық технология саласында әлемдік және қазақстандық ғылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
  6. Плазмохимиялық технологиялардың көмегімен наноқұрылымды композициялық материалдарды синтездеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру үшін тәжірибелік және теориялық зерттеу үшін қажетті жаңа ғылыми-инновациялық қызмет түрін іздеу, сақтау, өңдеу және беру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
  7. Физика және нанотехнологияның пәнаралық салаларындағы есептерді шешу үшін ғылыми техникалық және ғылыми педагогикалық іс әрекеттерде кәсіби дағдыларды практикада қолдану;
  8. Физикалық зерттеулер үшін зертханалық эксперименттер, сонымен қатар аналитикалық және сандық есептеулер жүргізу;
  9. Наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы заманауи ғылыми концепциялар мен теорияларды дербес зерттеу объектісі мен пәнін анықтау үшін сыни бағалау;
  10. Нақты пән саласындағы есептерді шешуге қажетті қондырғыны, зерттеу құралы мен әдістерін артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдау және оларды қолдану;
  11. Іргелі физикалық заңдылықтардың өндірістегі, техникадағы және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге қолдану;
  12. Пәнаралық топ құрамында этникалық, конфессионалдық, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарға байыппен қарап жұмыс істеу, азаматтық және дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру; мамандық және қоғамның сұранысына сай толық сәйкестікті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, тілдік және физикалық дайындығын жетілдіру.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1795

 Академиялық қызмет

 Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

  • физика ғылымдары саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;
  • университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;
  • әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;
  • университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу;
  • оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен;
  • оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен

 Ғылыми қызмет

Факультеттегі білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін зертханалар бар:

  1. Электр және магнитизм курсы бойынша зертханалар - жалпы ауданы 48 м2;
  2. Атом физикасы курсына арналған зертханалар - жалпы ауданы 48 м2
  3. Электротехника және электроника зертханасы - жалпы ауданы 48 м2;
  4. Зертхана студенттермен зертханалық жұмыстар жүргізілетін компьютерленген стендтермен жабдықталған. Зертханада бір уақытта 12 адамға дейін оқуға болады.
  5. Газдық разряд физикасы және вакуумдық техника зертханасы - жалпы ауданы 48 м2
  6. Механика зертханасы - жалпы ауданы 48 м2;
  7. Молекулалық физика зертханасы - жалпы ауданы 48 м2;
  8. Оптика зертханасы - жалпы ауданы 48 м2;
  9. Факультеттің компьютерлік кабинеттері - жалпы ауданы 48 м2

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ғылыми бағыттары:

  • тозаңды плазманы теориялық және эксперименттік зерттеу және тозаңды плазманың жаңа модельдерін жасау, тозаңды плазма негізінде жаңа технологияларды жасау.
  • ТОКАМАК-10 энергетикалық қондырғыларындағы зерттеу нәтижелеріне қашықтықтан қол жеткізу мысалында - плазма физикасын алыстан оқыту әдістері (технологиялар)
  • тозаңды плазманы теориялық және эксперименттік зерттеу, мұндай плазманың жаңа үлгілерін жасау, шаңды плазма негізінде жаңа технологияларды құру.қолдану саласындағы зерттеу: плазмалық технологиялар; оларды зерттеу және өңдеу
  • тозаңды плазманың теориялық және эксперименталдық зерттеулері, осындай плазманың жаңа үлгілерін жасау, тозаңды плазма негізінде жаңа энергияны қажет ететін технологияларды құру
  • Жаңа технологияға негізделген жарықтандыру қарқындылығы жоғары энергияны үнемдейтін газ-разряд шамдарының шағын өндірісін ұйымдастыру
  • кең ауқымды қолдану үшін наноқұрылымды тотықты жартылай өткізгіштерді өндіру технологиясын жасау
  • люминесцентті қасиеттері бар наноқұрылымды материалдарды синтездеу әдістерін әзірлеу
  • Наноқұрылымды жартылай өткізгіштердің сызықты емес электрлік, оптикалық және фракталдық-геометриялық сипаттамаларының өзара байланысы.
  • импульстік плазмалық бүрку арқылы наноматериалдарды өндіру және оларды өндіруде қолдану.
  • Монтмориллониттен наноқұрылымды және микроглинды өндіру технологиясын жасау.
  • Титан диоксидтік пленкалар және металл нанобөлшектер негізінде наноқұрылымды композитті материалдарды алу және олардың құрылымын және электрондық қасиеттерін зерттеу

 Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық бойынша келесі ғылыми-зерттеу институттарымен келісім шарттар бар, олар: МЭИ (Ресей), Орлеан техникалық институты (Франция), Валенсия политехникалық институты (Испания), Порто политехникалық институты (Португалия).

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Аккредитация: білім беру бағдарламасы аясында түлек жоқ

Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың нақты бағыттары үшін маңызды:

  • білім беру (орта мектеп мұғалімі, колледж оқытушысы);
  • ғылыми-зерттеу (материалдардың құрылымын және қасиеттерін зерттеуде, жаңа технологиялық процесстерді зерттеудің қажетті әдістерін таңдауда және меңгеруде, ғылыми баяндамаларды жазуда және жариялауда, ғылыми есептерді және ғылыми конференцияларға баяндамаларды дайындауда), (лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер);
  • өндірістік (әуе ғарыштық кешендіккәсіп орындар, машина жасау компаниялары);
  • өндірістік-технологиялық (әртүрлі технологиялық құрал-жабжықтарды, аспаптарды және қоңдырғыларды өңдіру, сонымен қатар өндірістік-технологиялық процесстердің күйін бақылайтын қызметкердерді даярлау