7M05311 - Ядролық медицина

Білім беру бағдарламасы

7M05311 Ядролық медицина

Білім саласы

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М053 Физикалық және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

М090 Физика

БББ мақсаты

Ядролық-медициналық диагностика және терапия саласында инновация жүргізуге, ядролық медицинада ғылыми зерттеулер жүргізуге, қазіргі заманғы инновациялық ядролық медицина мен технология саласында ғылыми-зерттеу институттарын дамытудағы медициналық орталықтарға сұранысқа ие, медициналық, биологиялық және физикалық білімге, сонымен қатар кең эрудицияға ие жоғары білікті мамандарды даярлау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесідей мүмкіндіктерге ие болады деп күтілуде:

1. кәсіби сәулелену деңгейін шектеу бойынша радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзбай, оларға радиоактивті сәулеленудің әсерін зерттеу кезінде калибрлеу көздері, радиациялық қорғау құралдары және қашықтық құралдарымен фантом-үлгілерде зерттеулер жүргізу;

2. рентген сәулелерін және гамма-кванттарды пайдалану кезінде, сондай - ақ бета- және альфа-радиоактивті изотоптарды қолдану кезінде адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің бұзылуын анықтаудың жаңа әдістемелерін әзірлеуге қатысу;

3. пациент пен персоналдың радиациялық қауіпсіздігі үшін сәулелену дозалары мен әсерін есептеу және радиоактивті сәулелер мен радиофармацевтикалық препараттарды пайдалана отырып, радионуклидтік зерттеулер кезінде пациенттерді бақылау;

4. өндірістік зертханаларда радионуклидтер мен радиофармацевтикалық препараттарды синтездеуге арналған реакторлардың, циклотрондардың және жабдықтардың физикалық-техникалық көрсеткіштерін және пайдалану сипаттамаларын бақылауда ұстау;

5. радиоактивті изотоптарды генерациялаудың және таңбаланған фармпрепараттарды синтездеудің ядролық-физикалық әдістерін пайдалану; медициналық мекемелерге пациенттің организміне тікелей енгізуге дайын түрде жеткізілетін радиофармпрепараттардың, сондай-ақ ядролық медицина бөлімшесінің зертханасында тікелей дайындалатын радиофармпрепараттардың радионуклидтік және радиохимиялық тазалығын анықтау және радиофармпрепараттардың сапасын бақылау әдістерін таңдау;

6. дозиметриялық жоспарлаудың компьютерлік жүйелерінің көмегімен сыртқы жағдайлар мен иондаушы сәуле көздерінің сипаттамаларын ескере отырып, сәулелену дозаларының кеңістіктік таралуын есептеуді орындау; халыққа және персоналға медициналық дозалық жүктемені төмендету үшін ядролық медицина саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын, этикалық және құқықтық аспектілерді ескере отырып, үй-жайларды иондаушы сәулелену көздерінен радиациялық қорғау есептерін жобалау кезінде орындау;

7. дозиметриялық, радиометриялық және спектрометриялық ядролық-физикалық жабдықтарды пайдалана отырып, радиациялық-экологиялық зерттеулер мен өлшеулер жүргізу;   томографиялық бейнелерді талдау және қайта жаңарту кезінде олар бойынша диагностикалық ақпараттық сандық параметрлер мен сипаттамаларды айқындау мақсатында күрделі компьютерлік өңдеуді орындау;

8. радионуклидтік диагностика мен терапия кезінде түзілетін қатты, сұйық және газ тәрізді радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және кәдеге жарату әдістемесі мен технологиясын әзірлеу; желдетуге және тұтастай алғанда радиофармацевтикалық препараттар мен радиоактивті медициналық және өндірістік қалдықтарды сақтауға қойылатын талаптарды әзірлеу, тәуекелдерді азайту және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;

9. гамма-камералардың, радионуклидтік томографтардың, клиникалық радиометрлердің физикалық-техникалық параметрлері мен пайдалану сипаттамаларын таңдау және бақылау; ядролық-медициналық жабдықтың параметрлері мен сипаттамаларының олардың штаттық мәндерінен ауытқуын бақылау кезінде анықталған сәйкестендіруді және механикалық тораптар мен электрондық схемалардың параметрлерін түзету және реттеу үшін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оларды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау;

10. радиоактивтілікті локализациялаудағы томографиялық және топологиялық бейнелерді бағалау және оның клиникалық мақсатына, ядролық-медициналық жабдықтың функционалдық мүмкіндіктеріне және пациент денесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жоспарланған радионуклидтік зерттеу үшін қажетті түзетуші әрекеттерді тұжырымдау; радионуклидтік диагностиканың, амбулаториялық радионуклидтік терапияның орындалуын бақылау;

11. бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу сабақтарын өткізу кезінде білім алушының жеке және кәсіби дамуының жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тәрбие беру мен оқытудың технологияларын, білім беру әдістерін таңдау және тиімді пайдалану.

12. пациенттермен, олардың туыстарымен және әріптестермен қарым-қатынас кезінде медициналық деонтология қағидаларын сақтау, радиофобияның алдын алу мақсатында пациенттерге жүргізілетін ядролық-медициналық рәсімдердің пайдасын түсіндіру; топта жұмыс істеу.

Оқуға түсушілер

үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy/speciality/1551

Академиялық

қызмет

ББ-ның Академиялық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына және білім беру мен ғылыми қызметті реттеуші Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ университеттің Академиялық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, атап айтқанда:

- жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде,

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

- университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне (ПОӘК) келісуі ;

-оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; оқу жоспарын әзірлеу және іске асырумен

Ғылыми қызмет

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар:

  • ·         Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Сәулелік диагностика бөлімі;
  • ·         ҚР Ядролық физика институтының үдетуші процестері физикасы зертханасы;
  • ·         Ядролық әсерлесулердің ядролық энергетикалық қондырғыларының құрылыс материалдары зертханасы (ф.-м.ғ.к., Чихрай Е.В.)

 

Теориялық және ядролық физика кафедрасының ғылыми бағыттары:

- Медициналық физика

- Үдеткіштер мен атомды реакторлар физикасы;

- Қолданбалы ядролық физика;

- Радиациялық процестер және жаңа материалдар;

- Медициналық биофизика

- Радиоэкология;

- Иондаушы сәулеленудің спектрометрия, радиометриясы және тіркелуі;

- Физикалық экспериментті автоматтандыру;

- Талдау, басқару және өңдеу әдістері;

Халықаралық

қызмет

Магистранттар академиялық мобилділік бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттерінде оқудан және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие:

  • ·           Біріккен ядролық зерттеулер институты (Дубна қ., Ресей);
  • ·           MEPhI Ұлттық зерттеу ядролық университеті, Мәскеу, Ресей;
  • ·           Hokkaido University, Hokkaido, Japan;
  • ·           Osaka University.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары жыл сайын түрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, жақын және алыс шетелдерде тағылымдамалар мен біліктілікті арттырудан өтеді. Олар БҒСБК ұсынған және SCOPUS және Web of Science деректер базасына кіретін ғылыми басылымдарда мақалалар жариялайды. 

Білім сапасын

қамтамасыздандыру

(Аккредитация,

рейтинг, жұмыс

берушілермен

жұмыс)

Жұмыс берушілер білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар және өндірістік кәсіпорындар болып табылады:

  1. ҚР ЭМ ядролық физика институты
  2. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (Алматы қ.);
  3. Сұңқар медициналық орталығы (онкологиялық орталық);
  4. Алматы Онкологиялық орталығы
  5. «ИЗОТОП ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
  7. "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС
  8. "СОЛО ЛТД" ЖШС
  9. Республикалық диагностикалық орталық

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады

1. физикада

2. радиоэкологияда

3. білім беру саласында

4. ядролық медицинада.