8D05306 - Физика

Білім беру бағдарламасы

8D05306 Физика

Білім саласы

8D05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

8D053 – Физика және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

8D053 Физика

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты теориялық және плазма физикасы бойынша іргелі білімге, кәсібилілік және жалпымәдени құзіреттілікке, сонымен қатар келесілерге ие заманауи формациядағы жоғары дәрежелі мамандарды дайындау:

- ғылыми-зерттеу қызметінде іргелі, қолданбалы және инновациялық мәселелді шешу үшін физика бойынша заманауи білімді қолдануға;

- теориялық және плазма физикасының әртүрлі мәселелерін шешу үшін өз бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге;

- Халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен теориялық және плазма физикасы аймағындағы ғылыми зерттеу тақырыбына жақын тақырыптарда сұхбат және талқылау жүргізу;
- тек жеке ғана емес, топта да жұмыс жасау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәрежесі

Философия докторы (PhD)

Оқу нәтижелері

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

1 теориялық физика және плазмалық технологиялардың физика-химиялық негіздері бойынша әртүрлі мәселелерді шешу үшін теориялық қағидалардың жиынтығын тәжірибеде жүйелеу және түсіндіру;

2 Теориялық физика және плазма физикасының өзекті мәселелерін шешу үшін заманауи әдістер мен технологияларды өңдеу;

3 Түрлендірілген гравитация теориясы, жалпы салыстырмалылық теориясы, бөлшектер мен толқындардың шашырау теориясындағы есептерді шешу үшін жаңа математикалық әдістерді өңдеу, сонымен қатар алынған нәтежиелерді талқылау және талдау;

4 Теориялық физика, плазма физикасы, космология және астрофизика аймағындағы түпнұсқалық ғылыми зерттеулерді жүргізу жолы арқылы білімді және жаңа идеяларды түрлендіру;

5 Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескерек отырып, кредиттік технологиялардың негізінде оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыру, практикалық және лекция сабақтарын әртүрлі стратегиялар мен оқу технологияларын қолданып өткізу;

6 Граватация теориясы, шағын нысандар физикасы, элементар бөлшектер физикасы және экстремалды күйлер физикасындағы әртүрлі құбылыстарды сипаттау үшін физикалық үлгілерді құрастыру;  

7 Білім менеджментінің тәрбие теориясы және оқытушылық қызметті өзіндік талдау негізінде тәрбиелік жұмыс жүргізу, педагогикалық оқу үдерісінің деңгейі мен оқу-тәрбиелік жағдайды талдау және бағалау;

8 Ғылыми-зерттеу орталықтарында,ЖООда ғылыми зерттеулері жоспарлау және ұйымдастыру, іргелі және қолдаңбалы зерттеулердің бағытын анықтау;

9 Әлемнің және оның Эволюциясының физикалық бейнесінің сипатын құрастыру, жаңа ғарыштық эффектілерді сипаттау; элементар бөлшектер физикасының және Стандартты модель аумағында іргелі әсерлесулердің заманауи күйін сипаттау;

10; Теориялық және эксперименталды зерттеулер негізінде, теориялық және плазма физикасы аумағында іргелі және қолданбалы зерттеулер құрастыру;

11 жаңа білім алу үшін тәжірибелік құрылғыларда, ғылыми құралдарда тәжірибелік зерттеулер мен бақылаулар жүргізу;

12 Ғылыми топтарда жұмыс жасау, импакт фактормен ғылыми мақалалар жазу, әртүрлі ғылыми конференциялар ұйымдастыру, халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен теориялық және плазма физикасы аймағындағы ғылыми зерттеу тақырыбына жақын тақырыптарда сұхбат және талқылау жүргізу.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/1540

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

- физика ғылымдары саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу;

-оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын іске асыру үшін факультетте жоғарғы білікті кадрлық потенциал бар: 20 доктор және 50 ғылым кандидаты, PhD докторлары бар. Олардың ішінде ғылым мен техниканың еңбегі сіңген қайраткерлері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық Жоғарғы Мектеп академиясының тиісті мүшелері Мемлекеттік сыйлық пен степендия лауреаттары, әртүрлі жылдардағы мемлекеттік наградалары мен «ЖОО үздік оқытушысы» грант иегерлері бар.

Білім алушылар Кожамкулов Т.А., Такибаев Н.Ж., Рамазанов Т.С., Жусупов М.А. сияқты ҚР ҰҒА академиктері, жетекші ғалымдардың ғылыми мектептерінен өтеді.

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар: Ғылыми зерттеу жұмыстарына деген икемдерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы теориялық және эксперименттік физика ғылыми зерттеу институтында және ашық типтегі ұлттық нанозертханада қолдана алады.

Халықаралық қызмет

Докторанттар ғылыми тәжірибені шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу оқу орындарында өтеді. Онда шетелдік консультанттың қадағалауымен ғылыми зерттеу жүргізеді: К. Альбрехт атындағы Кильск Университеті, эксперименталды және қолданбалы физика институті, профессор, доктор Хольгер Керстен, Валенсия политехникалық университеті профессор Ткаченко Гурски И.М. (Валенсия, Испания), Осака Университеті профессор Hiroyuki Noumi (Осака, Япония), Хоккайдо университеті профессор К.Kato (Хоккайдо, Япония), Рим Ла Сапиенца университеті, профессор Р.Руффини. (Рим, Италия).

Білім сапасын қамтамасыздандыру (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық аккредитация, ұлттық аккредитация.

ҚР ЖОО арасында білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы бойынша алған орны:

АРТА- 1 орын;

БСҚТА- 1 орын.

Екі дипломдық ББ (ЕДББ): Валенсия Политехникалық университеті (Валенсия, Испания).

Жұмыс берушілер:

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
  2. Экспериментальды және теориялық физика ҒЗИ;
  3. Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
  4. Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің Ядролық Физика Институты;
  5. Қазақстанның Ұлттық ғарыштық агенттігі;
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы;
  7. Физика-техникалық институт,
  8. Фесенков атындағы астрофизикалық институт,
  9. Ионосфера институты,

сонымен қатар басқа да ғылыми-зерттеу институттары, университеттер және Қазақстан Республикасының басқа да оқу орындары.