8D05307 - Физика және астрономия

Білім беру бағдарламасының атауы

8D05307 – Физика және астрономия

Білім беру саласының коды және жіктелуі

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

8D053 Физикалық ғылымдар

БББ тобы

Физика

мақсаты

Бағдарлама ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, конструкторлық және жобалау бюроларында, фирмалар мен компанияларда, білім беру мекемелері мен мемлекеттік басқару органдарында сұранысқа ие, астрофизика саласында іргелі білімі бар, мықты эксперименттік және теориялық негізге сүйене отырып, ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредит саны

180 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

«8D05307 – Физика және астрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Оқыту нәтижелері

Берілген білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болады деп күтілуде:

1. Есептеуіш және компьютерлік құралдарды, бейсызық физика әдістерін, озық эксперименталды, байқылау және теориялық принциптері мен классикалық және қазіргі заманауи зерттеу негіздерін қолана отырып жұлдыздардың іргелі физикалық параметрлерін анықтау және астрономиялық объектілерді кластарға жіктеу.

2. Физика және астрономия мамандығына сәйкес ғылыми проблемалар мен ашық мәселелерді терең талдау арқылы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметтеріндегі өзекті және сұранысқа ие бағыттарды анықтау.

3. Телескоптардың, қабылдаушы-тіркеуші жабдықтардың, оптика мен жартылай өткізгіштер физикасы құбылыстарына негізделген заманауи технологиялардың жұмыс істеу негіздерін қолдана отырып, нақты зерттеу міндеттеріне арнайы ғылыми-зерттеу жабдықтарын техникалық және технологиялық бейімдеу.

4. Бақылау әдістемелерін айқындап, бақылау кестесін құру, техникалық құрал-саймандарды белгілеп, және қажет болған жағдайда, әлемдегі ең үлкен обсерваторияларда бақылау жүргізуге өтініш жасау арқылы астрономиялық бақылауларды жоспарлау және жүзеге асыру.

5. Астрономияда, астрофизикада және космологияда бақыланатын құбылыстарды физиканың фундаменталды қағидаларына сүенген, соңғы теориялық және гипотетикалық болжамдарға негізделген компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып модельдеу, осындай модельдердің нақтылығы мен қолданылу аясын анықтап, жаңа түрлерін құрастыру.

6. Жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда алған білімі мен халықаралық тәжірибесін қолдана отырып, білім және ғылым саласындағы басқару стратегияларын әзірлеу және қолдану.

7. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың инновациялық технологиялары мен мамандық бойынша арнайы білімді біріктіру арқылы жоғары оқу орнында білікті кадрларды даярлаудың кешенді процесін әзірлеу және қолданысқа енгізу.

8. Ғылыми топтың құрамында немесе жетекші ретінде гранттық іргелі зерттеулерді, коммерциализациялау бағдарламаларын іске асыру және зерттеу нәтижелері мен ғылыми өнімдерді қолданысқа енгізу арқылы ғылыми зерттеулердің кешенді процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру.

9. Ғылыми жұмыстарды жаза білу және зерттеулер нәтижелерін маңыздылық көрсеткіштері жоғары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялау.

10. Эксперименттік деректерді өңдеу, зерттеулердің қателіктерін анықтау, қолданыстағы модельдермен салыстыра отырып, күрделі құбылыстарды теоризациялау мен жаңа білімді синтездеу арқылы ғылыми-инженерлік гипотезаларды тексеру және ғылыми зерттеулер нәтижелеріне талдау жасау.

11. Саладағы шешілмеген мәселелерді, проблемалардың қазіргі күйін және ғылыми таным қағидаларын негізге ала отырып, ғылыми жұмыстардың, зерттеу әдістемелері мен білім беру стратегияларының маңыздылығына, қажеттілігіне, жаңа идеяларыны баға беріп, бұл жұмыстарды жетілдіруге арналған ұсыныстарды жасай отырып, сарапшы ретінде әрекет ету.

12. Әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық және ғылыми этика мен академиялық адалдық қағидаларын ұстану арқылы халықаралық деңгейде ғылыми қоғамдастықпен және жеке ғалымдармен іскерлік қарым-қатынастарды құра білу және қолдау.

Үміткерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1544

Академиялық істер жөнінде

Кадрлық әлеует:

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

- 11 физ.-мат және техн. ғылым докторлары.

- 12 профессор

- 22 физ.-мат. және техн. ғылым кандидаттары

- 16 доценттер

- 18 PhD докторлары

 

Бағдарлама келесі бағыттарда одан әрі ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған: айнымалы жұлдыздардың қисық жарқылдарын бейсызық талдауын зерттеу, геофизикалық және гелиофизикалық сигналдарды, астрономиялық объектілерді спектрлік және фотометриялық зерттеу, жұлдыздардың радиосәулеленуін жіктеу, қазіргі космологиядағы галактикалардың айналу проблемалары, осциллирующие қараңғы материя модельдері, наноспутниктерді әзірлеу.

 

БББ материалдық-техникалық базасы:

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультет зертханалармен қамтамасыз етілген:

1. Наноэлектроника зертханасы

2. Сигналдарды бейсызық талдау зертханасы

3. Астрофотометрия және оптоэлектроника зертханасы

4. Хаотикалық процестер физикасы зертханасы

5. Бейсызық физика зертханасы

6. Жұқа пленкалы жартылай өткізгіш материалдар мен наноқұрылымдардың технологиялық зертханасы

7. Жартылай өткізгіш оптоэлектроника және нанофотоника зертханасы

Жалпы физикалық практикумның оқу зертханалары:

1. Радиоэлектроника зертханасы

2. Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы кабинеті

3. Микроэлектроника зертханасы

4. Сандық электроника зертханасы

5. Радиофизика және электрониканың статистикалық әдістері зертханасы

6. Физика және астрономияны оқыту әдістемесі зертханасы

7. Астрофизика және оптоэлектроника зертханасы

8. Электронды және өлшеу техникасының негіздері зертханасы

9. Жартылай өткізгіш аспап жасаудың оқу зертханасы

10. Наноқұрылымдарды компьютерлік модельдеу зертханасы

11. Жалпы физика курсы бойынша "Оптика" зертханасы

12. Жартылай өткізгіш оптоэлектроника және нанофотоника зертханасы

Ғылыми ісі жөнінде

Докторанттар астрофизика саласындағы ғылыми-техникалық мәселелерге және осы мәселелерді шешудің оңтайлы әдістерін іздестіруге тартылған. Ең табысты жұмыстары шетелдік рейтингтік журналдарда, қалған жұмыстары Қазақстан Республикасының Ғылым комитеті ұсынған жергілікті журналдарда жарияланады.

Докторанттардың негізгі зерттеу тақырыптары индустрияға да, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерге доктордарың өздері белсенді тартылатын университетте жүргізілетін ғылыми бағыттарға да бағытталған. Мысалы, біздің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының қызметкерлері дүниежүзілік банктің қаржыландыруы бойынша астрофизика, нейрондық желілер, машиналық көру және бейне аналитика саласындағы жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобаны автоматтандыру, әскери техника және білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі қолдады. Сондай-ақ шу деңгейі белгісіз болған кезде сигнал/шу қатынасын сандық бағалаудың жаңа әдісін және пассивті радиолокациялық жүйені әзірлеуде және сигналдарды өңдеуде көп диапазонды фракталды антенналарды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. 

Халықаралық ісі жөнінде

Барлық оқу процесі барысында докторанттар докторанттың ғылыми бағытына сәйкес келетін шетелдік мамандардың консультациясына қатысуға мүмкіндігі бар. Докторантурада алған білім мен дағдылар оларға кафедра оқытушылары өткізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту технологиялары докторантураның ғылыми тағылымдамалары бағдарламасы бойынша елден тыс жерге кеткен қашықтықтан оқыту нысаны бар Студенттер үшін оқу үрдісінде қолданылады.

 

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру

"Физика және Астрономия" бағдарламасы бойынша PhD докторанттарды даярлау келесі ЖОО-да жүргізіледі:

#6   University of Cambridge – “Physics & Astronomy”

#36   Seoul National University – “Physics & Astronomy”

#121 Humboldt-Universität zu Berlin – “Physics & Astronomy”

Сапаны қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық аккредиттеу

Аккредиттеу органының атауы: «ASIIN»

Аккредиттеу мерзімі: 11.11.2014-31.12.2019

Ұлттық аккредиттеу

Аккредиттеу органының атауы: «KazSEE»

Аккредиттеу мерзімі: 23.06.2020 – 22.06.2025

 

Практика базалары:

1.         Фесенков атындағы Астрофизикалық институты,

2.         Ионосфера институты, Ақпараттық технологиялардың ұлттық ғарыштық орталығы,

3.         Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігі; "Granit" LTD (индустриялық орталық);

4.         «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5.         әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

6.         әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

7.         әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультеті- пед.тәжірибе

8.         әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «инженерлік бейіндегі зертхана»

9.         Гринсбородағы Солтүстік Каролина Университеті, Гринсборо қ., Солтүстік Каролина штаты, АҚШ

10.       Қытай Ғылым Академиясының Синьцзян астрономиялық обсерваториясы, Синьцзян қ., ҚХР.

11.       Мексика ұлттық автономды университеті, Мехико қ., Мексика Құрама Штаттары.

12.       Гравитациялық-толқындық LIGO обсерваториясы, Хэнфорде, Вашингтон штаты, АҚШ.

13.       KAGRA гравитациялық обсерваториясы, Токио университетінің ғарыштық сәулелерді зерттеу институты, Жапония.