Бакалавриат
«ББ Реестрге кіргізу» тапсырысы
№ |
Жолдың атауы |
Ескерту |
1 |
Регистрациялық нөмірі |
|
2 |
Білім беру саласының коды мен классификациясы |
6B02 ӨНЕР ЖӘНе Гуманитарлық ғылымдар |
3 |
Дайындау бағытының коды мен классификациясы |
6B023 ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ |
4 |
Білім беру бағдарламасы тобы |
Тілдер мен әдебиет |
5 |
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В02301 Шетел филологиясы (Шығыс тілдері) |
6 |
ББ түрі |
Қолданыстағы ББ |
7 |
ББ мақсаты
|
ББ мақсаты - төмендегілерге қабілетті мамандарды сапалы даярлау: - шетел (шығыс) тілдерін еркін меңгеру негізінде кәсіби міндеттерді шешу; - қоршаған ортадағы шынайы болмысты, оның ішінде шет тілдік ортада, нақты адамгершілік және азаматтық ұстанымға сай бағалау; - кәсіби және өзге де қызметтің әр түрлі аспектілері бойынша өз пікірін дәлелді түрде ұсыну. |
8 |
МСКО бойынша деңгейі |
6 |
9 |
НРК бойынша деңгейі |
6 |
10 |
ОРК бойынша деңгейі |
6 |
11 |
Айрықша ерекшеліктері |
- |
|
Серіктес университет (СОП) |
- |
|
Серіктес университет (ДДОП) |
- |
12 |
Құзыреттілік тізімі |
Бұл ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер: ON1) шет тілдеріндегі коммуникативтік-сөйлеу қызметінің әртүрлі түрлерін (ауызша, жазбаша және экстралингвистикалық) кәсіби және жалпы мәдени қарым-қатынас барысында біріктіру; ON2) фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау арқылы тіл жүйесінің сатыларын ажырату, сонымен қатар тілдің тұтас жүйелік функционалдық білім ретіндегі рөлін түсіндіру; ON3) әр түрлі жанрлық және стилистикалық бағыттағы шет тілдеріндегі мәтіндерді құрастыру, аудару, талдау, қысқаша баяндау және редакциялау; ON4) әлемдік әдебиеттің теориясы мен тарихы саласындағы негізгі тұжырымдамаларды, сондай-ақ қазіргі әдістер мен тәсілдер негізінде оқытылатын тіл елінің әдебиетін топтастыру; ON5) оқылатын тіл еліндегі әдеби үдерісті кезеңдерге бөлу; әлеуметтік жағдайға және дәуірдің мәдениетіне байланысты әдеби шығарманың көркемдік мәні мен өзіндік ерекшелігін дәйектеу; ON6) оқылатын тілдегі әдеби шығармаларға идеялық-тақырыптық мазмұны, жанрлық және сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, стилі мен поэтикасы тұрғысынан кешенді талдау жүргізу; ON7) ресми және өзге сипаттағы шет тілді БАҚ материалдарын сыни талдау; іскерлік хат алмасуды жүргізу; хаттамалық іс-шаралар ұйымдастыру; ON8) Қазақстан және оқылатын тіл елінің қоғамдық-тарихи және рухани-философиялық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, оның мәдениетінің жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесін бағалау; ON9) шетел (шығыс) филологиясы саласындағы жаңа жетістіктерді тіл мен сөйлеу, тілдің әлеуметтік табиғаты және оның қазіргі заманғы мультимәдени әлемдегі рөлін зерттеуде пайдалану; ON10) тіл, әдебиет және мәдениет деректеріне қатысты өз ұстанымын айқындай отырып, пікірталас жүргізу; ғылыми эсселер, баяндамалар, рефераттар, шолулар жасау; ON11) инновациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметтің әртүрлі міндеттерін шешу; компьютерлік аударма бағдарламалары, электрондық сөздіктермен жұмыс істеу; ON12) әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, шет тілдік ортада тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыру. |
13 |
Оқытудың нәтижесі
|
|
14 |
Оқыту тілі |
Қазақ/орыс |
15 |
Кредит саны |
240 |
16 |
Берілетін академиялық дәреже |
Тіл білімі бакалавры |
17 |
Кадрлау даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымша |
Бар № 0137355 от 03.02.2010 |
18 |
ББ Аккредиттеу туралы куәліктің болуы: |
бар |
19 |
Аккредиттеу органының атауы: |
AQА (Agency for Quality Assurance and Accreditation), Austria |
20 |
Аккредитацияның қолданынылу мерзімі: |
23.09.2015-13.05.2020 |