Инновациялық жобалар

Аграрлық және тамақ өнеркәсібінде қолдануға арналған микробалдырлар негізінде алынған биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторлар

20.11.2021

Жобаның атауы: Аграрлық және тамақ өнеркәсібінде қолдануға арналған микробалдырлар негізінде алынған биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторлар  

Жобаның ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Б.Қ.

Жобаның мақсаты – микробалдырлардың өндірістік-құнды штамдары негізінде аграрлық және тамақ өнеркәсібінде қолдануға араналған биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторларды алу технологиясын дайындау.

НОУ-ХАУ

Микробалдырлар көптеген құнды қосылыстардың көзі бола отырып, биологиялық белсенді препараттардың жаңа және қауіпсіз көздері ретінде аграрлық, медициналық, косметикалық және тамақ өнеркәсібінде үлкен қызығушылық тудырады. Олар адам мен жануарлар ағзасындағы қатерлі ісіктердің дамуын тежейтін иммуномодуляциялық, антиоксидантты, антиметастатикалық әсерімен сипатталады. Осы организмдерге негізделген биологиялық белсенді қоспалар табиғи, қол жетімді, экологиялық таза профилактикалық биологиялық өнімдер болып табылады. Олардың жағымсыз реакциялар туғызбайды, қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ.

 

Өзектілігі мен жаңалығы

Микробалдырлардың құрамында оңай сіңетін ақуыздың 50-70% -ы (етте 50%-ға дейін және бидайда 15-17%-ға дейін), 30 -ға дейін липидтер, 40%-дан астам глицерин, 8-14%-ға дейін пигменттер, оның ішінде каротин және басқа өсімдіктермен немесе жануарлармен салыстырғанда B1, B2, B3, B6, B12, E, K, D дәрумендерінің жоғары концентрациясы бар. Азық-түлік микробалдырлары ақуыздардың, маңызды аминқышқылдарының, фитостеролдардың, көмірсулардың, дәрумендердің жақсы көзі болып табылады, сондай-ақ, биоактивті қосылыстардың, гамма-линолен қышқылының көп мөлшері бар полиқанықпаған май қышқылдарының және басқа да пайдалы қосылыстардың ерекше үйлесімімен сипатталады. Олар бірегей биохимиялық және физиологиялық қасиеттерді иелене отырып хлорофилл, альфа және бета - каротин, ликопен, лютеин, зеаксантин және астаксантин, фикоцианин сияқты пигменттердің көзі болып табылады және антиоксидантты және ісікке қарсы қасиеттері негізінде медицина, тамақтану, нутрициология және косметика өндірісінде жиі қолданылады.

Микробалдырлар бактерияға, зеңге қарсы, цитотоксикалық, иммуносупрессивті, аллергияға қарсы қасиеттері және вирусқа қарсы белсенділігі сияқты әртүрлі биологиялық әрекеттерімен танымал, бұл олардың медицинада және фармокологияда иммунитетті нығайту үшін биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторларды алу кезінде үлкен мүмкіндіктерін анықтайды.

Практикалық маңыздылығы

Қазақстан Республикасының тиімді географиялық орналасуы және елімізде күн шуақты күндердің көп болуына байланысты микробалдырлардың биомассасын алу үшін өсірудің салыстырмалы қарапайымдылығы биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) мен биостимуляторларды алуға арналған өндірістерді дамытуға қолайлы. Мал шаруашылығында микробалдырларды ақуыз, дәрумендер және басқа физиологиялық белсенді заттардың көзі ретінде пайдалану жануарлардың әртүрлі ауруларға, ең алдымен витамин тапшылығына байланысты төзімділігін арттырады, метаболизм процестерін жеделдетеді, осылайша сатылатын өнімдердің көлемі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, биопрепараттар, биожемдер және тағамдық биоқоспалар өндіру жөніндегі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері туралы атап өту қажет.

Күтілетін нәтижелер

Микробалдырлардың белсенді штаммдарынан биологиялық белсенді заттарды алу үшін микробалдырлардың өндірістік-бағалы штаммдарын жаппай көбейту\өсіру технологиясы әзірленетін болады.

Микробалдырлардың өндірістік-құнды штаммдары негізінде жаңа биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторларды алу технологиясы әзірленеді және олардың биологиялық қасиеттері зерттелінеді.

Микробалдырлардың өндірістік-бағалы штаммдарының биомассасы негізінде жаңа биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторлардың рецепттері мен тауарлық нысандары әзірленетін болады.

Енгізу объектісі

Құрамында маңызды амин қышқылдары, В, С, Д тобындағы дәрумендер, А провитамині, полиқанықпаған май қышқылдары, көмірсулар, полисахаридтер мен жоғары биоқолжетімділікке ие микробалдырлардың биомассасы негізіндегі биологиялық белсенді қоспалар мен биостимуляторлар алу тағам, терапевтикалық өнеркәсіп пен мал шаруашылығында үлесі зор.

 

Енгізу перспективалары

Микробалдырларға негізделген биоқоспаларды алу технологиясы оны өндіріске енгізудің үлкен нақты мүмкіншілігі зор. Осы жобаның келешегі экономикалық рентабельділікпен ғана емес, микробалдырлар негізінде жаңа, экологиялық таза, бірегей биопрепараттар алу мүмкіндігімен де айқындалады. Сондықтан, микробалдырларды өнеркәсіптік өндіру мәселелері зерттеушілер мен өнеркәсіптік фирмалардың назарын аударуда. Осылайша, жоғары өнімділікке ие бола отырып, бұл объектілер бір мезгілде тағам өнеркәсібінде (биологиялық белсенді қоспалар ретінде) және аграрлық секторда, атап айтқанда, мал шаруашылығында, құс шаруашылығында, балық шаруашылығында (биологиялық белсенді жем қоспалары) кеңінен қолданылатын жаңа бағалы өнімдердің продуценттері болып табылады. Сонымен қатар, микробалдырларға негізделген биологиялық белсенді қоспаларды алу экономикалық тұрғыдан тиімді болуы мүмкіншілігі дәлеледенген, өйткені оларды өсіру үшін қымбат жабдықтар мен қоректік орта қажет етілмейді.

Тұтынушылар

Агроөнеркәсіптік секторлары (құс фабрикалары, шошқа шаруашылығы, мал шаруашылығы фермалары, балық шаруашылығы), тамақ өнеркәсібі, фармакология және медицина.

Бәсекеге қабілеттілігі

Бұл жобаның бәсекеге қабілеттілігі жоғарыда аталған микробалдырлардың ерекше қасиеттері және оларды өсіру технологиясының артықшылықтарымен айқындалады (арзан қоректік орта, күн сәулесі, қымбат емес жабдықтар). Ұсынылып отырған жобаның әзірге республикада баламасы жоқ. Қазақстанда микробалдырлар және басқа фототрофты микроорганизмдер негізінде биопрепараттар өндіретін кәсіпорындар жоқ. Жобаның коммерциялық келешегі мол және коммерцияландырудың жоғары потенциалына ие.

 

Ары қарай оқу >>

Бекіре балықтарының ауруларын емдеуге арналған жаңа антибактериалды препараттар

20.11.2021

Жобаның атауы (медиа жоспарға сәйкес). Бекіре балықтарының ауруларын емдеуге арналған жаңа антибактериалды препараттар 

Жобаның мақсаты. Жоғары литикалық белсенділігі бар бастапқы және құрастырылған химерлік эндолизиндердің P. fluorescensP. putida, A. hydrophila, A. salmonicida және A. sobria грам-теріс патогенді бактерияларға қарсы терапевтік потенциалын зерттеу. Мақсат келесі міндеттерді орындауды көздейді: - инфекцияланған бекіреден бактерияларды бөліп алып, оның ішінен P. putida, P. fluorescens, A. hydrophilaA. salmonicida және A. sobria бактерия патогендерін физиологиялық, биохимиялық және молекулалық тәсілдер арқылы идентификациялау.; - аквакультурадағы бекіре тұқымдас балықтарының ауруларын тудыратын бактериалды патогендерге қарсы жоғары литикалық белсенділігі бар химерлік эндолизиндерді құрастыру; - бастапқы және жаңа химерлік эндолизиндердің антибактериалды белсенділігінің in vitro және in vivo жағдайларда сипаттау. 

НОУ-ХАУ. Бекіре тұқымдас балықтар - балықтардың ең ежелгі түрлерінің бірі, олар кеш жыныстық жетілетін, ұзақ өмір сүретін балықтар қатарына жатады және уылдырығы мен етін қоса алғанда жануарлар ақуызының көзі ретінде маңызды экономикалық құндылыққа ие. Қазіргі уақытта заңсыз аулаудың көптігі, судың ластануы және тіршілік ету ортасының жойылуы салдарынан бекіре тұқымдастары толық жойылу қаупінде тұр. Аквакультурада бекіре балығын өсіру - популяция санының азаюы және бекіре тұқымдас балықтардың өмір сүру циклін қалпына келтіруге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Алайда, аквакультураның қарқынды дамуы бактериялық инфекциялардан туындаған аурулардың өршуіне алып келеді, ал бұл өз кезегіне, аквакультурадағы бекіре тұқымдастарының жоғары деңгейде өлімге ұшырауына және алапатты экономикалық шығындарға алып әкелуі мүмкін. Аквакультурадағы бекіре тұқымдас балықтардың ең қауіпті бактериялық ауруы - Pseudomonas және Aeromonas инфекциясы. Қазіргі уақытта антибиотиктерді еш бақылаусыз тұрғыда кеңінен және жиі қолданудың салдарынан антибиотиктерге төзімді бактериялардың саны күрт көбейді. Бұл құбылыс, аквакультурадағы қауіпті аурулар мен өлімнің негізгі себебі болып табылады. Бұл құбылыс микробқа қарсы терапияның сәтсіз болуына алып келіп, сонымен қатар балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық туғызады. Осы себепті дәрі-дәрмекке төзімді патогендермен күресудің жаңа стратегиялары шұғыл түрде қажет.

Қазіргі уақытта эндолизин терапиясы күрделі инфекцияларды емдеудің перспективті баламасы болып саналады. Соңғы он жылда эндолизинді зерттеу саласы айтарлықтай қарқын алды. Ең алдымен адам мен жануарлардың грам-позитивті және грам-теріс патогендеріне қарсы әр түрлі компаниялар әзірлеген кейбір эндолизиндер, оның ішінде химерлік эндолизиндер қазіргі таңда клиникаға дейінгі және клиникалық тексерулерден өтіп жатыр. Алайда, басқа жануарлар мен адамдар сияқты, балықтардың үнемі микробтардың шабуылына ұшырайтынына қарамастан эндолизиндердің бактерияға қарсы агенттер ретіндегі потенциалы аквакультура саласында әлі зерттелген жоқ.

Ұсынылған жоба аквакультурадағы бекіре тұқымдас балықтардың ауруларының негізгі себебі болып табылатын грам-теріс және антибиотикке төзімді бактерияларға қарсы литикалық белсенділігі жоғары жаңа химерлік эндолизиндерді дамытуға бағытталған. 

Өзектілігі мен жаңалығы. Соңғы жылдары , аквакультурадағы бекіре тұқымдас балықтарының өндірісі әлемдік нарықта уылдырыққа деген үлкен сұранысқа байланысты айтарлықтай өсті. Алайда антибиотиктерді кеңінен және жиі бақылаусыз қолданудың салдарынан антибиотиктерге төзімді бактериялардың санының күрт өсуі, балықтар арасында аурудың өршуінің және өлімнің артуының негізгі себебі болып табылады. Көбінесе Aeromonas және Pseudomonas бактерия түрлері негізгі патогендер ретінде белгілі болды (1 сурет).

Бекіре балықтарының аэромонозы (А) және псевдомонозы (В); «Аквакультура өндірісінің тәжірбиелік өндірістік оқу ғылыми кешенінен» ЖШС алынған инфицирленген бекіре балықтары (Орал, Батыс Қазақстан облысы)

 

1 сурет - Бекіре балықтарының геморрагиялық септицемиясы

Осы себепті дәрі-дәрмекке төзімді патогендермен күресудің жаңа стратегиялары шұғыл түрде қажет. Эндолизиндер антибиотиктерге мүмкін балама болып табылады. Олар бактерияларды, олардың физиологиялық күйіне немесе антибиотиктерге төзімділігіне қарамастан, эффективті тұрғыда және тез өлімге әкеледі. Эндолизиндер ферментативті белсенділігі бойынша келесі үш топқа жіктеледі (2А сурет): (i) Глюкозаминидазалар (EC 3.2.1.52), мурамидазалар (EC 3.2.1.17) және литикалық трансгликозилазалар (EC 4.2.2.n1) кіретін гликозидазалар, бұл ферменттердің әрекеті қанттың β-(1,4)-гликозидтік байланыстарын ыдыратуға бағытталған; (ii) амидаздар (EC 3.5.1.28) қант пен пептид тармақтарының басты тізбегінің арасындағы амидті байланыстарды гидролиздейді; және (iii) эндопептидазалар (EC 3.4.-.-) екі аминқышқылдарының арасындағы пептидтік байланысты гидролиздейді. Эндолизиндердің құрылымы глобулярлы немесе модульді болуы мүмкін (2B сурет).

А) 1 - Глюкозаминидазалар; 2 - мурамидазалар (лизоцималар) және литикалық трансгликозилазалар; 3 - L-аланин амидазалар; 4 – энд пептидазалар; GlcNac - N-ацетилді глюкозамин; MurNac - N-ацетилмурам қышқылы; В) Грамм-позитивті және грам-негативті эндолизиндердің структурасының схемасы

2 сурет – Пептидогликандар құрылымы мен гидролазалар арқылы ажырату сайттары

 

Грам-позитивті бактериялар фагтарының эндолизиндерінің көпшілігі N-терминалды каталитикалық белсенді доменнен (CAD) және C-терминалды жасуша қабырғаларын байланыстыратын доменнен (CBD) тұратын модульді құрылымнан тұрады.

Осылайша эндолизиндер бактерияларды, олардың физиологиялық күйіне немесе антибиотиктерге төзімділігіне қарамастан, эффективті тұрғыда және тез өлімге әкеледі. 

Тәжірибелік маңыздылығы. Ғылыми жобаның практикалық маңыздылығы аквакультурадағы бекіре балықтарының ауруларының негізгі себебі болып табылатын грам-теріс және антибиотикке төзімді бактерияларына қарсы, литикалық белсенділігі өте жоғары жаңа химерлік эндолизиндердің пайда болуында. 

Күтілетін нәтижелер: - Бекірелер A. hydrophilaA. salmonicida, A. caviae, A. sobria, P. putida және P. fluorescens бактериялық патогендері бөлініп, идентификацияланады және олардың антибиотиктерге сезімталдығын in vitro жағдайында тексеріледі;

- химерлік эндолизиндер құрастырылатын болады және үш бастапқы және 7 химерлі эндолизиндердің гендері клондалып, олардың E. coli-де экспрессиясы оптимизацияланады;

- эндолизиндердің бактерияға қарсы белсенділігі анықталып, бекіре тұқымдас балықтарды емдеу әдістері жасалады. 

Енгізу нысаны. Бактериялық патогендерден туындаған бекіре тұқымдас балық ауруларын емдеу үшін қолданылатын бактерияға қарсы препараттар енгізу нысаны болып табылады. 

Іске асыру болашағы. Қазіргі уақытта эндолизин терапиясы күрделі инфекцияларды емдеудің перспективті баламасы болып саналады. Эндолизиндер - пептидогликан гидролазалық белсенділік тән фаг кодтайтын ферменттер, сондықтан олар бактерия клеткасының қабығын ыдыратуға қабілетті, бұл фагтың репликациядан кейін қожайын клеткасынан сыртқа шығуына мүмкіндік береді. Көп антибиотиктерге төзімді бактерияларға қарсы препарат ретінде in vitro жағдайларында эндолизиндердің әсерлі тиімділігін көрсететін тәжірибелік мәліметтер алынды (3 сурет). 

1 – бақылау, 2 – эндолизин (25 мкг), 3 – эндолизин (50 мкг) 

 

3 сурет - in vitro эндолизиннің бактерияға қарсы белсенділігінің нәтижелері

 

Антибиотиктер мен бактериофагтарға қарағанда, бактерия штаммдары эндолизиндерге төзімділікті дамытпайды.    

Тұтынушылар. Негізгі тұтынушылар - балық аулау кәсіпорындары, оның ішінде өндірістік аквакультура кешендері мен балық өсіру шаруашылықтары, сондай-ақ балық өсірушілер.

Бәсекеге қабілеттілік (технологияның артықшылықтары) және жобаның коммерцияландыру. Зерттеу жобасының нәтижелері ихтиопатология саласында практикалық маңызы бар және реттелетін жүйелерде өсірілген балықтардың ауруларын емдеуге және алдын алуға бағытталғандықтан коммерциаландыруға болады. Жалпы, лизис ақуыздары-эндолизиндерге негізделген атибактериалды препараттарды қолдану тек балық ауруларын емдеуде ғана шектелмейді, сонымен қатар бактериялық аурулар мен ауылшаруашылық жануарларының алдын-алу үшін қолдану мүмкіндігі бар, бұл ұсынылған препараттарды әмбебап етеді, осылайша бәсекеге қабілеттілікті едәуір арттырады. 

 

Ары қарай оқу >>

Мұнаймен ластанған су мен топырақты тазартуға арналған биопрепарат

20.11.2021

Жобаның мақсаты - бұзылған және ластанған топырақты қайта қалпына келтіру үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін микробтық препараттар шығару өндірісін құрастыру.

НОУ – ХАУ - Қазақстанның мұнай өндіруші және агроөнеркәсіптік кәсіпорындары үшін биопрепараттар шығару жөніндегі шағын инновациялық кәсіпорынды ұйымдастыру.

Өзектілігі мен жаңалығы - табиғи ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүгінгі күні экология мен табиғи ортаны қорғаудың күрделі және көп жоспарлы мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда мұнай кен орындары үлкен аудандарды алып жатыр. Мұнай мен мұнай өнімдері топыраққа енген кезде оның химиялық, физикалық, микробиологиялық қасиеттерінде айтарлықтай және жиі қайтымсыз өзгерістер туындайды, кейде бүкіл топырақ профилін ғана емес, сонымен қатар үлкен аймақтардағы топырақ жамылғысын да қайта құруға әкеледі. Тазартудың ең тиімді әдісі - биоремедиацияны кешенді қолдану, соның ішінде агро-және микробиологиялық әдістерді қолдану. Бұл жағдайда микроорганизмдердің жетіспеушілігін деструктивті микроорганизмдерден тұратын препараттарды қолдану арқылы жоюға болады.

Қазіргі уақытта оңтайлы табиғи агрофитоценоздарды көбейтетін және егіншіліктің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ететін көп компонентті өсімдік-микробтық жүйелерді құру перспективалы бағыт болып табылады. Ауылшаруашылық өндірісінде әртүрлі таксономиялық топтардың микроорганизмдері негізінде шетелдік және қазақстандық ғалымдар жасаған микробтық препараттар қолданылады.

Басқа елдерде дайындалған препараттар Қазақстан жағдайында қолданылмайды, тазалау орындарындағы топырақ-климаттық жағдайларды ескеру қажет. Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінің топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген микроорганизмдер негізіндегі биопрепараттар өндірісі экологиялық таза болып табылады, канцерогенді қалдықтары және атмосфераға зиянды әсері жоқ. Жылына өнім өндірудің болжамды көлемі нарық мөлшері мен экспорт мүмкіндігі ескеріле отырып айқындалатын болады.

Практикалық маңыздылығы – штамм деструктор негізіндегі биопрепараттар республиканың мұнай өндіретін аймақтарының топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту және мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру мақсатында топырақ пен суды мұнай және мұнай өнімдерімен ластанудан тазартуға арналған. Препаратты қолданған кезде көмірсутектердің биодеструкция процестері топырақты мұнай көмірсутектерінен тиімді тазартуға және оның экологиялық жағдайын жақсартуға әкеледі. Препараттың мұнаймен ластанған топыраққа енгізу мұнай көмірсутектерінің биодеструкция процесстерінің тиімділігін арттырды, мұнайдың 85% ыдырауға ұшырайды.

Қазақстанда топырақтың беткі қабаттарының ластану деңгейі 30-дан 40 пайызға дейінгі аумақ жеткілікті, неғұрлым терең қабаттар ластанады, мысалы, теңіз жағалауындағы жазықта мұнай 45-50 см тереңдікке дейін енеді. Мұндай жағдайларда биоремедиация әдістері ерекше көңіл бөледі.

Жоғары сапалы дақылдардың қажетті өнімділігін алу, топырақтың құнарлылығын сақтау және жоғарлату, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мақсатында биопрепараттардың эксперименттік үлгілерін қолдану және оларды дайындау маңызды қадам болып табылады. Қазақстан үшін дәнді дақылдар (күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы) мен жемшөп дақылдарын өсіру кезінде биопрепараттарды қолдану тиімділігін зерттеу, сонымен қатар тыңайтқыштар мен биопрепараттардың алуан түрлерін қолдану неғұрлым оңтайлы үйлесімін анықтау өзекті болып табылады.

Енгізу нысаны - ЖШС "Биоорта" (2010), АҚ "Өзенмұнайгаз" (2013), АҚ "Ембімұнайгаз" (2018).

Енгізу перспективалары - іс жүзінде мұнаймен ластанған топырақты қалпына келтіру, ластанған топырақты, бұрғылаудың сұйық қалдықтарын және құрамында мұнайы бар қатты жанғыш қалдықтарды залалсыздандыру технологиясы үшін биопрепаратты қолданады. Агроөнеркәсіптік кешенге арналған микробтық препараттар өңір мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, аграрлық сектордағы импортты алмастыруды қамтамасыз етеді. Ластанған топырақты поллютанттардан тазарту үшін және агроөнеркәсіптік кәсіпорындар үшін микроорганизмдер негізінде түрлі биопрепараттардың тәжірибелік партияларын алуды ұйымдастыру.

Тұтынушылар - Қазақстан Республикасының мұнай өндіру және мұнай өңдеу индустриясы, агроөнеркәсіптік кәсіпорындар, табиғатты қорғау қызметтері, жеке сектор.

Бәсекеге қабілеттілік - ластанудан тазартуға және топырақ құнарлылығын жақсартуға арналған микробтық препараттар, экологиялық таза технологиялар мен өнімдерді жасаумен байланысты "жасыл" экономикаға көшу ластанған жерлердің экологиялық жай-күйін жақсарта отырып, табиғатқа көмектесіп және пайда келтіруге арналған. Инновациялық, заманауи және қауіпсіз биопрепарат Қазақстан Республикасының экономикасында жетекші салаларының бірі ретінде мұнай-газ секторының кәсіпорындары үшін сұранысқа ие болады.

 

Тазалауға дейінгі топырақ                           Тазалаудан кейінгі топырақ

Ары қарай оқу >>

Депрессияның психофизиологиялық маркерлері

20.11.2021

Жоба жетекшісі: б.ғ. к., профессор Кустубаева А. М.

1. Жобаның атауы (медиа жоспарға сәйкес). "Депрессияның психофизиологиялық маркерлері"

2. Жобаның мақсаты: әлеуметтік маңызды аурудың ауыртпалығын азайту мақсатында объективті диагностика үшін депрессиялық жағдайлардың биомаркерлерінің ЭЭГ-сін анықтау.

3. НОУ-ХАУ. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының бірегейлігі когнитивтік жүктемелер кезінде депрессиялық күйді сенімді түрде анықтайтын жаңа ЭЭГ биомаркерлерінің детерминациясы болып табылады. Зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру компьютерлендірілген кешенді психофизиологиялық диагностиканы әзірлеуден тұрады, бұл ел халқының көпшілік бөлігін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу құндылығы жергілікті популяцияның регрессивті жағдайын көрсететін ЭЭГ – нің ерекше сипаттамаларын анықтауға және уақытылы объективті диагноз қоюға және мінез-құлық бұзылулары мен суицидтің алдын алуға ықпал ететін импрессияны компьютерлендіруге арналған. Алынған нәтижелердің бірегейлігі қазақстандық популяциядағы ерекше когнитивтік міндет негізінде алғаш рет валидтік ЭЭГ биомаркерлерінің айқындалуында болып отыр.

4.Өзектілігі мен жаңалығы.

Бүгінгі таңда депрессия халықтың көпшілік бөлігін қабілетсіздікке әкелетін кең таралған аурулардың бірі болып табылады. ДДҰ-ның ұйымының есептеуі бойынша депрессияға байланысты экономикалық шығындар жыл сайын шамамен триллион долларды құрайды деп есептелінеді. Когнитивті бұзылулармен бірге жүретін депрессия абсентизм тактикасын (жұмыста болмау) немесе презентизмді (жұмыстағы іс-әрекетке еліктеу) таңдауға әкеледі және халықтың жұмыс қабілетін төмендетеді (Гринсберг, 2019). Мінез-құлықтың бұзылуы көбінесе қылмыстық әрекеттерге әкеледі және қоғамға тікелей қауіп төндіреді. Емделмеген ауру өз-өзіне қол жұмсаудың жоғары қаупіне, өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі және қоғамға әлеуметтік қауіп төндіреді. Мәселен, Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда 26,9-ды құрайды. Арнайы белгілермен (стигма) бірге депрессиялық жағдайларды диагностикалаудың объективті әдістерінің болмауы жағдайды қиындатады. Мұның бәрі депрессиялық жағдайларды диагностикалаудың жаңа объективті әдістерін жасаудың шұғыл қажеттілігін анықтады.

Алынған нәтижелер ұйқы кезінде мидың стихиялық белсенділігінің жоғары ақпараттық көрсеткіштерін және танымдық тапсырмаларды орындау кезінде туындаған потенциалдың сипаттамаларын анықтады. Бұл нәтижелер жыл сайынғы халықаралық конференцияларда талқыланып, жарияланды және тәжірибеге деген сенімнің маңыздылығын көрсетті. Қазіргі зерттеуде әзірленген психометриялық әдістер пандемия кезінде біздің психотерапевтеріміздің депрессиялар санының көбеюіне байланысты (UNISEF, ЮНЕСКО-мен бірлесіп) психотерапевтік тәжірибелер кезінде қолданысқа енгізілді. Аяқталған зерттеу қорытындысы бойынша осы жоба бойынша жүргізілген кешенді тәсілдің толық сипаттамасы бар әдістемелік құрал және нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жарияланды. ЭЭГ биомаркерлері ЭЭГ депрессияны диагностикалауға арналған жабдықты техникалық әзірлеуге дайын.

5.Практикалық маңыздылығы.

Жүргізілген тәжірибелердің зерттеу нәтижелері жақсы дамыған танымдық және эмоционалды жүктемелер депрессиялық күйге тән ми сигналдарының өзгеруіндегі заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретіндігін растайды. Атқарушы бақылауды (Attentional Network Test, ANT) және шешім қабылдауды зерттеу үшін таңдалған танымдық тапсырмалар танымдық белсенділік кезінде ми белсенділігіндегі айырмашылықтарды анықтауға себеп болатын жүктемелер қызметін атқарды. Кешенді зерттеу әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздемесі алынған нәтижелерді практикалық мақсаттарда пайдаланудың негізділігі мен перспективасын растады. Жалпы, біздің нәтижелеріміз депрессиямен ауыратын науқастарда когнитивті процестердегі орталық реттеуші буын болып табылатын атқарушы бақылаудың нашарлауы мидың белгілі бір ынталандыруларға белсенділігінің төмендеуімен байланысты екенін көрсетті. М.Познердің белгілі атқарушылық бақылау теориясына сәйкес әзірленген бейімделген нұсқаның тапсырмасын орындау кезінде ЭЭГ көрсеткіштері депрессиялық жағдайда когнитивті бақылаудың нейрондық желілерінің жұмыс істеуінің төменгі деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Эмоционалды күйлерді индукциялауға және оның күрделі кешенді танымдық шешім қабылдау процесіне әсер етуіне бағытталған шешім қабылдаудың екінші танымдық міндеті қабылдау мен кері байланысқа мидың активтену жетіспеушілігін анықтауға мүмкіндік берді.

6. Күтілетін нәтижелер.

Негізгі ғылыми зерттеу нәтижелері эмоционалды-депрессиялық күйлерді диагностикалау және болашақта нәтижелерді кейіннен коммерцияландыру үшін отандық өндіріске арналған компьютерлік бағдарлама немесе құрылғы жасау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тәжірибеге енгізу ауруды ерте сатысында дер кезінде диагностикалауға және емдеуге, ауыр зардаптар мен суицидті болдырмауға, эмоционалды-депрессиялық жағдайды диагностикалау үшін отандық өндіріске арналған құрылғы жасауға және болашақта нәтижелерді коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Алғаш рет жергілікті популяция бейімдеген және растаған депрессиялық күйлердің диагностикалық критерийлерін зерттеуге арналған психометриялық, когнитивтік тапсырмалар мен психофизиологиялық әдістердің ғылыми негізделген эксперименттік кешені негізінде компьютерлік бағдарлама жасалады.

Депрессия диагностикасының негізгі критерийлері ретінде бас миының белсенділігінің тапшылығын және депрессия кезіндегі ми лабильділігінің төмендеуін көрсететін ЭЭГ биомаркерлері белгіленетін болады. Бұл құрылғыны депрессия мен суицидтің алдын алу үшін клиникалық тәжірибеде кеңінен қолдануға болады.

7. Іске асыру объектісі.

Эмоционалды жағдайды диагностикалауға арналған компьютерлік бағдарлама немесе құрылғы.

8. Іске асыру перспективалары.

Нәтижелер психотерапевтік тәжірибеде, қауіпсіздік қызметтерінде, адами ресурстар қызметтерінде, медициналық қызметтерде, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде қолданысқа енгізілуі мүмкін.

9. Тұтынушылар.

Деректер кейіннен ұлттық және халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылуы мүмкін: алынған нәтижелердің мақсатты пайдаланушылары психологиялық және психиатриялық қызметтер, қауіпсіздік қызметтері, кадрлық қызметтер, медициналық қызметтер, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері болады.

10. Бәсекеге қабілеттілік (Технологияның артықшылықтары) және жобаны коммерцияландыру.

Ұсынылған өнім жоғары бәсекеге қабілетті. Қазіргі уақытта отандық нарықта ұсынылған технологияның алмастырушысы (аналогы) жоқ.

Ары қарай оқу >>