Закарья Күнсұлу Дальтоновна

Закарья Күнсұлу Дальтоновна

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры 

 

Биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі

 K-Water компаниясында «Hydro-infra Development & Management – су биоресурстарын және су инфрақұрылымын дамыту және басқару» (Оңтүстік Корея, 2007 ж.), Венеция Халықаралық университеті (мемлекеттік қызметкерлерге арналған курс) «SustainableDevelopment-тұрақты даму» (Италия, 2007-2008 ж.ж.) атты тағылымнамалар және оқыту.

200-ден астам ғылыми жобаны, оның ішінде 22 халықаралық жобаны қамтитын биотехнология, биоқауіпсіздік және микробиология саласындағы 10 ғылыми-техникалық бағдарламаға басшылықты, үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырды. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы 3 ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі. «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының бірлескен жетекшісі. Дүниежүзілік банктің Технологияларды коммерцияландыру бағдарламалары бойынша 2 байқауының жеңімпазы.

COVID-19  коронавирустық инфекциясына қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) инактивтелген вакцинасын әзірлеуші.

COVID-19  коронавирустық инфекциясына қарсы QazCovid-in инактивтелген вакцинасын өндіру технологиясын әзірлеуші.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

ISO 19011: 2002 – экологиялық менеджмент; ISO 15189:2007 – медициналық менеджмент; ISO 9001:2000 – сапа менеджменті; OHSAS 18001:2007-кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған аудитор. ИСО 15189-2007 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын ерекше талаптар» халықаралық стандарты бойынщша ұлттық техникалық сарапшы. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі және техникалық сарапшысы. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ (НацЭкС) бейтараптық комитетінің төрағасы.