ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

 

1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

6) ҰБТ сертификатын;

7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

8) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік.

Көрсетілетін қызметті алушылар – І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Биология буклет каз.pdf