16.06.2021
16.06.2021 жылғы № 4 Хаттама
Директорлар кеңесі хаттамасының нөмірі, күні |
Директорлар кеңесінің отырысқа қатысқан мүшелері |
Қаралған сұрақтар |
№ 4 Хаттама, 16.06.2021 жылдан |
1. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры; 2. Закарья Кунсулу Дальтоновна – Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры; 3. Байтасов Арманжан Мерекеұлы – «United Media Group» компаниясының жетекшісі, тәуелсіз директор; 4. Ташенев Бахытбек Хакимұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы; 5. Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы – «Астана Групп» холдингінің президенті, тәуелсіз директор; 6. Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы қоғамдық қорының президенті»; 7. Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы; 8. Шакаева Гаухар Серікқалиқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры. |
1. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ ағымдағы отырысына төрағалық етушіні сайлау туралы. 2. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқармасы туралы ережені бекіту, басқарманың сандық құрамын және оның мүшелерінің өкілеттік мерзімдерін айқындау туралы. 3. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма мүшелері лауазымдарына конкурс жариялау туралы (Басқарма Төрағасы - Ректорды және академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесін қоспағанда). 4. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит қызметінінің басшысын және қызметкерлерін тағайындау туралы. 5. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы. 6. 2021-2022 оқу жылына арналған «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ ақылы қызметтер құнының прейскурантын бекіту туралы: ақылы негізде оқу құны және оқудың барлық түрлері бойынша жеңілдіктер. 7. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқуға қабылдау Ережесін бекіту туралы. 8. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамын, ғылыми қызметкерлерін конкурс негізінде қабылдау Ережесін бекіту туралы.
|