ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

11.06.2021

Көрулер: 1963

Құрметті достар, біз сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Біздің факультет 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі болып табылады. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес биология және биотехнология факультеті деп аталады. Факультет құрамында 4 кафедра бар: биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизика және биомедицина, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция. Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз әрі заманауи мамандықтардың иесі болғыңыз және мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз. Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер

Биология буклет каз.pdf