Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

20.10.2020

Көрулер: 1791

23 қазан 2020 ж. Елордамыз -Нұрсұлтан қаласында өткен» Орман шаруашылығын сақтау және жануарлар дүниесін қорғау» саласындағы республикалық конкурста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және Биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1 курс, «8D08401- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының докторанты, еліміздің бизнес-кәсіпкері Тұрсынәлі Марлен «Үздік балық өсіруші» номинациясы бойынша «Елім-ай» республикалық сыйлығына ие болды.

Қазіргі таңда Тұрсынәлі Марленнің Қазақстанның аквакультура саласын дамыту жолында тынбай еңбек етіп жүргені баршамызға мәлім. Бірнеше шаруашылықтардың жұмысын жүргізіп, көп жастарға жол көрсетіп жүрген Марленнің бүгінгі жетістігі осыған дәлел.

Кафедра ұжымы атынан, біз Марленнің бүгінгі алған «Елім-ай» сыйлық мәртебесімен шын жүректен құттықтаймыз, мықты денсаулық, еңбегіне толағай табыс, алатын асулары мен бағындырар биіктері көп болсын деп тілейміз!

«Елім» деп жырлаған, патриот азаматтарымыз көп болсын!

 

1 курс PhD докторанты Кегенова Г.Б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz