МАРАПАТТАУЛАР МЕН КАФЕДРА ЖЕТIСТIГI

Құттықтаймыз

24.10.2022

   Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының зоология пәнінің оқытушысы және докторанты әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Назерке Бижанова ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) 4-Атқарушы Модельді конференциясына қатысты. ИЫҰ моделі лекциялар мен семинарларды, халықаралық симуляциялық конференцияны қамтыды және ресми жабылу рәсімімен аяқталды.

«Аймақтық даму мен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы» тақырыбында өткен ИЫҰ 4-Атқарушы моделінің 5 күндік халықаралық симуляциялық конференциясына 30-дан астам елден 100-ден астам жас өкілдер қатысты. Әзірбайжандағы ИЫҰ-ға мүше елдерден – Палестина, Пәкістан, Қазақстан, Марокко және Алжирдің елшілері, сондай-ақ ICYF Еуразиялық аймақтық орталығының (ICYF-ERC) бас директоры Эльмаддин Мехдиев мырза және Әзірбайжан Республикасының спорт саласы және жастар министрлігінің министр орынбасары Фархад Гаджиев мырза және басқа да көптеген халықаралық ғалымдар жобаның онлайн-дәрістері мен конференцияларына қатысып, ұлттық даму, халықаралық ынтымақтастық, тұрақты даму және экологиялық проблемалар сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Дәрістер барысында Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы айтты, біздің жылдар бойғы күш-жігеріміз туралы және біз қаншалықты алға жылжығанымызды, бүгінгі күнде прогресс пен орнықты даму дәуіріне елімізді айналдырғанымыз туралы сөйледі.

   Жобаны ICYF-ERC Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігімен (https://icyf-erc.org/, https://www.facebook.com/icyferc/ және www.mys.gov.az) серіктестікте ұйымдастырды.

   Назерке Бижанова және тағы бірнеше қатысушылар жобадағы белсенділіктері мен үздік көрсеткіштері үшін марапатталды.

   ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы және Биология және биотехнология факультеті Назерке Бижанованы құттықтайды және болашақта жаңа табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

   Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қымбатты доценттері* Шалгымбаева Сәуле Мухаметқалиқызы мен Омарова Жанар Сағатқызын, оқытушы Жұмаханова Гаухар Бақтиярқызын «Микротехника негіздері» атты еңбегіне Авторлық куәлік алуымен құттықтаймыз!  

   Ұжым атынан алдағы уақытта да барлық жоспарларыңыз сәтті өтіп, іске ассын деп тілейміз! Еңбегіңіз еш кетпей, жұмысыңыздың жемісін көріп, айналаңыздың ілтипатына ие болыңыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Омарова Жанар Сағатқызының Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4-курс студенті Адал Лашын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Зайсан көлінің кейбір балықтарының паразитологиялық зерттеулері” атты тақырып қорғап жүлделі 2- орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып үлкен жетістіктер мен өркендеу тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Шалғымбаева Сәуле Мұхаметқалиқызының Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4 курс студенті Жанысбай Гүлмарал Төлегенқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Шарын Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі су қоймасындағы қабыршықшыз көкбас балықтарының кейбір мүшелеріне ихтиопатологиялық анализ жасау” атты тақырып қорғап, жүлделі 2-орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып, сізге шығармашылық идеялар, шабыт және сарқылмас оптимизм тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

20.05.2021

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты және оқытушысы Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД жастары арасында өткен «Үздік жас ғалым – 2021» жобасына қатысқаны және өзінің қабілеті мен талантын көрсете білгені үшін Халықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық конференцияда төсбелгімен және алғыс хатпен марапатталды. ТМД жас ғалымдары атты кітап жинаққа жас ғалымның өмірбаяны енді. Ғылыми жетекшісі – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы. Кафедраның атынан ғылыми жетекші мен жас ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы Rufford Small Grants жобасын аяқтаумен құттықтаймыз!

18.05.2021

 

   Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 2 курс докторанты Назерке Бижанова «Солтүстік Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігіндегі Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясы және сақтау жағдайы» тақырыбында жобаны аяқтады. Жобаны Раффорд Фонды (Rufford Foundation, Rufford Small Grants for Nature Conservation) қаржыландырды.

Зерттеу тобының мүшелері: Назерке Бижанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты және Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі; Алексей Грачев, Зоология институтының Териология бөлімінің меңгерушісі; Юрий Грачев, Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері; Салтөре Сапарбаев, Алматы қорығы мен Зоология институтының ғылыми қызметкері; Ерлик Байдавлетов, Зоология институтының және Іле-Балқаш табиғи қорығының ғылыми қызметкері; Сергей Беспалов пен Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Жобаның арқасында Еуразиялық сілеусіннің сирек кездесетін түр тармағын толығырақ зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл зерттеулер Назерке Бижанованың «Солтүстік Тянь-Шань тауларында мекендейтін Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) таралуы мен таксономиялық орны» тақырыбындағы докторлық диссертациясының бөлігі болып табылады.

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы құттықтаймыз!

15.05.2021

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және 2 курс докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы ТМД жастары арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі атанды! Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталды. «Үздік жас ғалым» жобасын Genius халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырды. Кафедра ұжымы Назерке Бижанованы жетістіктерімен құттықтайды және одан әрі дамуы мен табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

03.04.2021

   23 сәуірде Нұр-Сұлтанда Астана Халықаралық университеті (АХУ) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және білім» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның ашылуында «Астана» Халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы сөз сөйледі. Содан кейін секциялар бойынша тезистер тыңдалды. 163 тезис 6 бөлімге бөлінді. «Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» секциясын конференция төрағасы: Ph.D., жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы, комиссия мүшелері, биология ғылымдарының докторы, профессор Мырзағалиева Анар Базарқызы, г.ғ.к., Авезова Айман, б.ғ.к. Кәріпбаева Нұрзия Шайкенқызы жүргізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенттері 1 орынға ие болды: Жолдасбек Аяна, Ақболат Гаухар, Гусмаулемова Алуа, ғылыми жетекшісі: Оразов Айдын Ерғалиұлы. Материалдар соңғы біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс) аясында дайындалды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

20.10.2020

   23 қазан 2020 ж. Елордамыз – Нұрсұлтан қаласында өткен «Орман шаруашылығын сақтау және жануарлар дүниесін қорғау» саласындағы республикалық конкурста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және Биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1 курс, «8D08401– Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының докторанты, еліміздің бизнес-кәсіпкері Тұрсынәлі Марлен «Үздік балық өсіруші» номинациясы бойынша «Елім-ай» республикалық сыйлығына ие болды.

Қазіргі таңда Тұрсынәлі Марленнің Қазақстанның аквакультура саласын дамыту жолында тынбай еңбек етіп жүргені баршамызға мәлім. Бірнеше шаруашылықтардың жұмысын жүргізіп, көп жастарға жол көрсетіп жүрген Марленнің бүгінгі жетістігі осыған дәлел.

   Кафедра ұжымы атынан, біз Марленнің бүгінгі алған «Елім-ай» сыйлық мәртебесімен шын жүректен құттықтаймыз, мықты денсаулық, еңбегіне толағай табыс, алатын асулары мен бағындырар биіктері көп болсын деп тілейміз!

«Елім» деп жырлаған, патриот азаматтарымыз көп болсын!

 

1 курс PhD докторанты Кегенова Г.Б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>