Ақпараттық хат

01.04.2021

Көрулер: 2158

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ БАЙҚАУЫ!

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Педагогика және білім беру менджменті кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін студенттерге арналған Республикалық шығармашылық байқау.

Байқаудың мақсаты - Студенттер арасында Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.

Байқау 2 кезеңнен тұратын болады. 1 кезең: "Тәуелсіз ел ұланымын" - қара өлең оқу. Байқауға қатысушылар Отан, Туған жер, Тәуелсіздік тақырыбына қатысты қара өлең оқып, видео түсіреді.

Байқаудың бұл кезеңі әлеуметтік желідегі дауыс саны арқылы бағаланады. Ең жоғарғы балл жинаған 20 қатысушы 2 кезеңге өтеді.

2 кезең: "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында эссе жазу. Байқауға қатысушылар 1-2 беттен тұратын эссе жазуы шарт. Эссені тәуелсіз сарапшылар бағалайтын болады. Эссе бөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 10 балдық жүйеде бағаланады:

  • ·        Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10  балл;
  • ·        Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 балл;
  • ·        Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 балл;
  • ·        Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 балл;
  • ·        Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы – 10 балл.

1 кезеңге өтініштер мен видеолар 15 сәуірге дейін қабылданады. Әлеуметтік желідегі дауыс беру 10 күнге жалғасып, 25 сәуір күні кешкі 23:00 де тоқтатылады. 2 кезеңге өткен қатысушылар тізімі 27 сәуір күні жарияланады. Эссе жазуға 3 күн уақыт беріліп, эссені қабылдау 30 сәуір күні тоқтатылады. 2 кезеңнен тұратын " Тәуелсіздік тұғырым " атты байқаудың нәтижесі Жеңіс күнінде, яғни 2021 жылдың 9 мамыр күні анықталады.. Байқауға 18-21 жас аралығында барлық ЖОО студенттері қатыса алады.

Сыйақы қоры

1 ОРЫН – 30 000 (1 АДАМ)

2 ОРЫН – 15 000 (2 АДАМ)

3 ОРЫН – 10 000 (3 АДАМ)

Видео мен эссе tuyelszdk@inbox.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Байқауға арналған туындылар мемлекеттік тілде қабылданады Байқау ережесі туралы толық ақпарат: 8707-558-75-60, 8747-228-28- 25, 8778-670-02-82.