Онлайн байқау

Құрметті мектеп, гимназия, лицей оқушылары!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына орай 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында «Жамбыл Жабаевтың ақындық әлемі» атты Республикалық онлайн эссе байқауына шақырады.

Ұйымдастырушы:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (ф.ғ.к., аға оқытушы Е.К. Карбозов, аға оқытушы Г.Т. Оспанова). 

Эссе байқауының мақсаты мен міндеттері:

-патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және жаңа технологиялардың көмегімен оқушыларды көркемсөз өнеріне баулу;

-оқушылардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру.

- оқушылардың шығармашылық ойлау менөз ойын жеткізу дағдыларын дамыту;

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  1. Жыр алыбы Жамбыл
  2. Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі.

Эссе байқауына қойылатын талаптар:

Жұмыскөлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін.

Жұмыс WORD форматындақабылданады.

Кегл– Times New Roman, кегл өлшемі – 14,

жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см қалдыру керек.

Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, Интернет желісіненнемесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдарқабылданбайды.

Эссе бес түрліталаптұрғысынанбағаланады:

Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай

Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай

Емле – 10 ұпай

Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай

Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:

Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.

Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.

Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.

Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.

Эсседен оқушы 50 ұпайғадейінжинайалады.

Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

  • ·                   Байқаужұмыстары 2021 жылдың 10мамырынан бастап 16мамырына дейінпочтасына қабылданады.
  • ·                    
  • ·                   Тексеру комиссиясының жұмысы 17-22 мамыр аралығында жүреді. Байқау қорытындысы 24 мамыр күні әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
  • ·                   Байқау жеңімпаздары, сәйкесінше 1,2,3 орын дипломдарымен марапатталады.

 

Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды. Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Байқауға ұсынылған шығармалардың тақырыпқа сай болуы басты назарға алынады.