Профессор У.Ү.Өмірбаев дәрістер оқиды

26.04.2021

Көрулер: 2939

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, профессор Ж.Қ.Түймебаевтың арнайы шақыртуымен бірнеше әлемдік математикалық проблемалардың шешімін тапқан, белгілі ғалым, Уйен мемлекеттік университетінің (Wayne State University, Detroit, USA) профессоры Өмірбаев Уалбай Үтмаханбетұлы механика-математика факультетінің математика кафедрасында жұмыс жасап жатыр.  

 

Өмірбаев Уалбай Үтмаханбетұлы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, мемлекеттік сыйлығының иегері, Америка Математика қоғамының Мур сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Қазіргі күні профессор У.Ү.Өмірбаев математика мамандығының магистранттарына дәрістер оқып, ғылыми семинарын ұйымдастырып, ғылыми кеңестер беруде.