Жеңімпазымызды құттықтаймыз!

Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ кезекті екі күндік республикалық олимпиада өткізді. Бұл шара екі кезеңнен өтті, 1 кезең - эссе жазу, 2 кезең - жобаны қорғау.

Оқу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізудегі университеттің алдына қойған негізгі мақсаттар:

- талқылау арқылы студенттерді ынталандыру және жігерлендіру;

-талантты және дарынды жастарды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

-жастардың көпшілік алдында сөйлеуге және пікірсайысқа қызығушылығын арттыру;

- Қазақстан Республикасының интеллектуалды элитасын қалыптастыру.

Осы Республикалық олимпиадаға Түрксой кафедрасының аға оқытушылары: Теменова Гүлзада және Дулаева Элнара ханымдар 3 курс студенттерін дайындады.

Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 3 курс студенті Назерке Қабылбекова 2 орынды иеленді.    

Қашықтан оқытудың күрделілігіне қарамастан, біздің университетітің студенттерінің осындай маңызды іс-шараларға қатысып , өзгермелі жағдайларға бейімделуді жалғастырып, кез-келген қиындықты жеңіп келе жатқандығы мақтан тұтарлық іс.

 

 ТҮРКСОЙ кафедрасының

аға оқытушылары:                                                Г.Қ.Теменова, Э.З. Дулаева