"Идеалды емес плазма физикасындағы бейсызық және корреляциялық құбылыстар " зертханасы

«Идеалды емес плазма физикасындағы бейсызықтық және корреляциялық құбылыстар» зертханасы тығыз, идеалды емес плазма саласындағы физикалық процестерді теориялық зерттеумен айналысады. Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- тығыз кулондық жүйелердің электродинамикалық, термодинамикалық сипаттамаларын зерттеу;

- Дирактың екі және үш өлшемді плазмасындағы дисперсиялық сипаттамаларын зерттеу;

- тозаңды плазманың физикалық қасиеттерін зерттеу;

- ғылыми зерттеу нәтижелерін тарату үшін заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулер.

Зертханада 2 физика-математика ғылымдарының докторы, профессорлар, 1 доцент PhD, 5 PhD, 3 докторант, 3 магистрант ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады.