Корейтану кафедрасы ұйымдастырған ІТ семинар

Корейтану кафедрасына келген еріктілер Оңтүстік Кореяның Кадо компаниясынан жіберілген еріктілері Мирас пен Дамир кафедра және факультет мұғалімдеріне арнап IT семинар өткізді.

Семинар 2010 жылдың 13-14 қаңтарында өткізілді. Семинардың тақырыбы: «Power Point бағдарламасын сабақ барысында қолдану» болды. Семинар оқытушылар үшін өте түсінікті және қызықты өтті. Оқытушылар тақырыпты теория тұрғысынан ғана емес тәжірибе жүзінде де өздері тікелей қолданып көрді. Берілген бағдарламаның жан жақты қызметі және түрлерімен танысқан оқытушылар мұндай семинарларды жиі өткізу қажеттігін айтты.

Сабақ соңында еріктілердің оқытушыларға арнап дайындаған Корея туралы қызықты сұрақ-жауап барысында оқытушылардың білімдері тексерілді. Бірінші және дұрыс жауап бергендерге кішкентай сыйлықтарын ұсынды. Семинарға қатысқан оқытушылар аз уақыттың ішінде көп нәрсе үйреніп, өз ризашылықтарын білдірді.