"Импульсті плазмалық үдеткіштер" зертханасы

Импульсті плазмалық үдеткіштер зертханасы плазмадағы физикалық процестерді және олардың өндіріс пен технологияда қолданылуын зерттеумен айналысады. Жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

-          жұқа қабықшаларды және ұнтақтарды дайындау технологиясы; металдардан наноұнтақтарды алу және оларды қолдану.

-          тығыз импульсті плазманың диагностикасы үшін ядролық-физикалық әдістерінің кешенін жасақтау және қолдану; плазмалық фокус типті импульсті қондырғылардағы плазма қоюлығының пайда болу ерекшеліктерін анықтау; реактор қабырғасының материалдарының радиациялық зақымдануын зерттеу.

- тығыз импульсті плазма диагностикасы; қуатты импульсті разрядтардағы процестерді модельдеу.

Зертханада импульсті вакуумдық доғалық үдеткіш (ВДУ-1) және коаксиалды импульсті плазмалық үдеткішішті қондырғысы бар. Зертханада 1 доцент, физика-математика ғылымдарының докторы, 2 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 2 докторант, 3 магистрант, 3 бакалавр студенттері ғылыми қызметпен белсенді айналысады.

вакуумдық доғалық үдеткіштің

сыртқы түрі

Магистранттар мен докторанттардың

ғылыми жұмысы

Доцент Жукешов А.М. және докторант Фермахан К.

эксперимент уақытында

КПҮ-30 қондырғысы