"Тозаңды плазма және плазмалық технологиялар" зертханасы

Тозаңды плазма және плазмалық технологиялар зертханасы термодинамикалық тепе-тең емес плазмадағы физикалық процестерді және олардың өндіріс пен технологияда қолданылуын зерттеумен айналысады. Жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- әр түрлі газдық разряд қондырғылардағы тозаңды плазмалық құрылымдарының және плазма кристалдарының әртүрлі қасиеттерін зерттеу; плазма параметрлері мен тозаң түзілімдерін әр түрлі байланыс және оптикалық әдістермен диагностикалау, диагностиканың жаңа немесе баламалы әдістерін жасау;

- импульстік-плазмалық үдеткіште болатын физикалық процестерді, импульсті плазмалық ағынның термоядролық қондырғылардың кандидаттық материалдарымен өзара әрекеттесуін, магнит өрісінің плазмалық ағынның параметрлеріне әсерін зерттеу;

- жаңа функционалды материалдар мен көміртектің, кремнийдің және әртүрлі металдардың нанобөлшектерін жоғары жиілікті, солғын және атмосфералық разрядтар қондырғыларында плазмалық ортада синтездеу.

- микрогравитация жағдайларын имитациялайтын қондырғылардағы тозаңды плазманың қасиеттерін зерттеу

- аддитивті басып шығару әдісімен жаңа материалдарды синтездеуге арналған суық атмосфералық қысым плазмасын зерттеу және практикалық қолдану, материалдардың бетін модификациялау және тазарту, ауылшаруашылығы мен су үшін атмосфералық плазманы қолдану;

            Зертханада солғын разрядына негізделген қондырғылар (оның ішінде сыртқы магнит өрісі бар), ЖЖ разрядына арналған қондырғылар, магнетронды разряд, импульсті плазма үдеткіші, атмосфералық қысымның суық плазмалық ағыны, көлемдік және беттік диэлектрлік тосқауыл разрядтары бар. Зертханада 1 доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, 2 потдокторант, 1 PhD, 6 докторант, 3 магистрант, 3 бакалавр ғылыми қызметпен белсенді айналысады.

 
 

А) Плазмалық кристаллды зерттеуге арналған, жоғары жилікті разряд қондырғысы

 

Б) ХҒС ботында (Халықаралық ғарыш станциясы) орналасқан Plazma Kristall-4 қондырғысының жердегі аналогы болып табылатын солғын разряд плазмасы.

   
 В) Плазмалық үдеткіш - термоядролық электр станцияларындағы қабырғаға жақын процестерді зерттеуге арналған қондырғы  Г) Атмосфералық қысымдағы суық плазма ағыны және онымен адам терісін сәулелендіру процессі
   
Профессор м.а. Досболаев М.Қ. және постдокторант Үсенов Е.А. эксперимент жасау барысында  Зертхана жетекшілерінің Әл -Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталу сәті