«Плазма процестерін математикалық модельдеу» зертханасы

Плазма процестерін математикалық модельдеу зертханасы күрделі құрамды плазманың қасиеттерін зерттеумен және плазмадағы физикалық процестерді компьютерлік модельдеумен айналысады. Зертханада алынған ғылыми нәтижелер басқарылатын термоядролық синтезді және астрофизикалық объектілерді зерттеуде маңызды қолданысқа ие.

Зертханада жұмыс келесі ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі:

-        күрделі құрамды плазмадағы элементар процестерді зерттеу;

-        күрделі құрамды плазманың термодинамикалық, тасымалдау, электродинамикалық және оптикалық қасиеттерін зерттеу;

-        плазманың құрамын зерттеу;

-        плазмадағы процестерді компьютерлік модельдеу.

Қазіргі уақытта келесі ғылыми жобалар әске асырылуда:

-        Бөлшектердің Максвеллді емес таралуын ескере отырып, тығыз квазиклассикалық плазмадағы электрондардың зымырау құбылысын зерттеу; ф.-м.ғ.д., проф. Джумагулова К.Н.

-        Сыртқы магнит өрісіндегі төмен температуралы күрделі плазманың қасиеттерін зерттеу; ф.-м.ғ.к., проф. Коданова С.К.

-        Электр және магнит өрістеріндегі жарқыраған разрядтағы тозаңды плазманың құрылымдық-кинетикалық қасиеттерін зерттеу; ф.-м.ғ.к., проф. Коданова С.К.

-        Кильватерлық өрісінің классикалық, кванттық және ультрарелативистік плазмалардағы қатты корреляцияланған ауыр бөлшектер динамикасына әсері; PhD, доцент Молдабеков Ж.А.

-        Тозаңды ғарыштық плазманың қасиеттерін компьютерлік модельдеу; PhD, Машеева Р.У.

Зертханада 30-дан астам қызметкер жұмыс жасайды, олар есімі әлемге танымал ғалымдардан және үлкен ғылымға алғашқы қадамдарын бастаған жас ғалым зерттеушілерден тұрады. Оның ішінде 2 профессор, ф.-м.ғ.д.-ы, 2 профессор, ф.-м.ғ.к.-ы, 1 доцент, PhD, 3 доцент м.а, PhD, 1 пост-докторант, PhD, 1 PhD, 6 докторант , 4 магистрант ғылыммен айналысады.

 

ҚР-ның ҰҒА-ның академигі, профессор Рамазанов Т.С. «Жылдың ең үздік ғалымы»   атты беделді «Elsevier-Scopus» сыйлығына ие болды

 

ҚР-ның ҰҒА-ның Корреспондент мүшесі, ф.м.-ғ.д., профессор Джумагулова К.Н. «Ғылымдағы үздік әйел» беделді Elsevier-Scopus сыйлығына ие болды

 

 

Жарты жылда бір өтілетін «Табаган» ғылыми семинарында

Молдабеков Ж.А. SCCS 2017 ғылыми конференциясында (Киль, Германия)

 

2015 жылы ғылыми зертхананың ұжымы «Плазманың кванттық және ұжымдық қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» жұмысы үшін Ғылым және Техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды

 

RF+DC газ разрядындағы тозаңды бөлшектердің левитациясын зерттеуіндегі DC ығысуының электрондар тығыздығының кеңістік-уақыттық таралуына әсері

 

Тозаңды плазма қасиеттерін моделдеуінің бағдарламалық жасақтамасы және тозаңды бөлшектердің қозғалысының 3D көрнекілігі