Магистранттың "Ядролық физика институты" РМК-дағы ғылыми-зерттеу тағылымдамасы

25.02.2021

Көрулер: 2648

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының "7M05211-Экология" мамандығының 2 оқу жылы магистранты Дикова Любовь 2021 жылдың 1-ақпан мен 12-ақпан аралығында "Ядролық физика институты" РМК-да (Қазақстан, Алматы қ.) 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Ғылыми тағылымдама ЯФИ РМК кешенді экологиялық зерттеулер орталығында "экологиялық жобалау, нормалау" тақырыбы бойынша Инженерлік экология зертханасының меңгерушісі В.А. Макарованың басшылығымен өтті. Тағылымдама нәтижелері бойынша сертификат алынды.