Магистранттардың АҚ "Гегорафия және су қауіпсіздігі институтындағы" ғылыми-тәжірибелік тағылымдамасы

25.02.2021

Көрулер: 2707

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «7M05211-Экология», «7М05209 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығының 2 курс магистранттары АҚ «География және су қауіпсіздігі институты» -да (Қазақстан, Алматы қ.) 2021 жылдың «1» ақпанынан 2021 жылдың «12» ақпанына дейін 10 күндік ғылыми-зерттеу тәжірибесін өтті.

Ғылыми тәжірибе зертхана басшысы, г.ғ.к. А. Д. Абитбаевтың жетекшілігімен өтті.

Тәжірибе кезінде магистранттар диссертация тақырыбы бойынша одан әрі зерттеу үшін пайдаланылатын қажетті білім алды. Тәжірибе қорытындысы бойынша магистранттар сертификаттарға ие болды.