ҚазҰУ студенттің ар-намыс кодексі
Құрметті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті!
Сіздерді, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең үздік оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚазҰУ-да жоғары білім ала отырып, Сіз кәсіби дағдыларды меңгерумен қатар тұрақты даму мен өсуге мүмкіндік пен үлкен өмірге жолдама аласыз. Бұл – Қазақстанның жоғары элитасын құрайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің негізгі жетістік формуласы!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен көтеріңкі көңіл-күй, мақсат-мұраттарыңыздың орындалуы мен оқуда толағай табыстар тілейміз!
Тәуелсіз Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болыңыздар!