Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

 

                                           

 

     ҚКСР Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданының Қайнар ауылында 1958 жылы 8 шілдеде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, төтенше және өкілетті елші.

 

БІЛІМІ: 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ-сы (1980);

Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, құқық факультеті, Мәскеу қ-сы (2000).

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ, ДӘРЕЖЕСІ, ҚЫЗМЕТІ: 

Филология ғылымының кандидаты, ҚазССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты (1987);

Филология ғылымының докторы (2008);

Тіл білімі мамандығы бойынша профессор;

Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014).

ЕҢБЕК ӨТІЛІ: 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс, Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);

Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулы (Ыстамбұл қ-сы) (1999);

Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (31.03.2004-01.02.2006);

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі (01.02.2006-10.01.2007);

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (10.2010-10.2016);

Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011-10.2016);

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (07.10.2016-20.06.2018);

Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019);

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (28.02.2019-02.2021);

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры (10.02.2021).

БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРІ: 

ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының төрағасы (2007-2010);

«ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2008-2010);

Халықаралық қазақ-түрік университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010).

МАРАПАТТАРЫ: 

«Құрмет» ордені (2003);

«Парасат» ордені (2011);

«Астанаға – 10 жыл» медалі (2008);

«Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі (2011);

«Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына үлес қосқаны үшін» Түркия кәсіпкерлері мен іскерлер қауымдастығының медалі (2011);

«Халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері үшін» Түркия туризмін дамыту халықаралық тұғырнамасының (TÜTAP) сыйлығы (2011);

«Қазақстан Конституциясына - 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015);

«Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020).

Ғылыми еңбектері (1).pdf