Жаңалықтар

Абайды білмек парыз

19.02.2021

2021 жылдың 19 ақпанында филология және әлем тілдері факультетінде, Zoom платформасы арқылы Азимбаева И.К. және Мұсалы Л.Ж. оқытушылары мен «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Абайды білмек парыз» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап аясында ұсынылатын шығармалар ішінде Абайдың Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері бар екені белгілі. Студенттер ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын презентация, бейнебаян ретінде ұсынып, ақынның өлеңдерін оқыды. Қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Ары қарай оқу >>

Кітапхана ол - білімге деген саяхат

18.02.2021

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы  мен 3 және 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында онлайн платформатта «Кітапхана ол - білімге деген саяхат» атты танымдық- ақпараттық іс шара өткізді. 

  

Жауаптылар:  Төңкер А,   Төреханова Р.А.

Өтетін жері:  ZOOM платформасы

 

Күні мен уақыты: 18 ақпан 2021 ж., 15:00


Ары қарай оқу >>

Діннің қоғамдағы орны

17.02.2021

2021 жылдың 17 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология және әлем тілдері факультеті «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері арасында оқытушы Р.А.Төреханованың ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде Zoom платформасында «Діннің қоғамдағы орны» атты ақпараттық-танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Ары қарай оқу >>

Мәтінге филологиялық талдау жасау негіздері

17.02.2021

ҚазҰУ-дың филология факультетінде ұйымдастырылған «Профессор сағатының» кезекті дәрісі өтті. Бұл жолы шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Темірғали Оразғалиұлы Есембеков «Мәтінге филологиялық талдау жасау негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

"Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..."

16.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары Мақатаев оқуларының «Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар...» атты сайысына қатысты. Байқауды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауының бабына сәйкес Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» өткізді.

Ары қарай оқу >>

Біздің заманымыздың батырлары

15.02.2021

Құрметті студенттер, магистранттар, оқытушылар!


         Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы мен «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс студенттері сіздерді «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ZOOM платформасында өтетін «Біздің заманымыздың батырлары» (әскери-патриоттық тәрбие сағаты) атты танымдық-ақпараттық іс-шараға шақырады.

        

  •   Жауаптылар: Моругова Е.А. және Алимбаева А.Т.
  •          Өтетін жері: ZOOM платформасы.

 

  •          Күні мен уақыты: 15 ақпан 2021 ж., 14:00.

Ары қарай оқу >>

Стресспен күресу жолдары

05.02.2021

Құрметті студенттер, магистранттар, оқытушылар!

            

 Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушылары мен «Шетел филологиясы» мамандығы 2 курс студенттері сіздерді «Салауаттық өмір негізі» жобасы аясында онлайн платформасында өтетін «Стресске төзімділік  жолдары» атты ашық кураторлық сағатқа шақырады.

 

  • Жауаптылар:  Азимбаева И.К., Алимбаева А.Т. және «Шетел филологиясы» мамандығы 2 курс студенттері. 
  • Өтетін жері:  Zoom платформасы.

 

https://us05web.zoom.us/j/89049014837?pwd=bkFuaFIzQm9SSHpYbm9tZmdESGZiUT09

 

  • Идентификатор конференции: 890 4901 4837 
  • Код доступа: vZ6GnT 
  • Күні мен уақыты: 5 қаңтар 2021 ж., сағ. 12:00.

Ары қарай оқу >>

TURKSOY

05.02.2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЙҰЛЫ «TURKSOI» Түркі мәдениеті ұйымының Халықаралық АБАЙ медалімен марапатталды!!!

 

Құрметті ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЙҰЛЫ!


ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы сізді - ұжымымыздың құрметті профессорын осындай биік марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сіздің абайтану, әдебиеттану, аударматану ғылымдарын дамытуға үлкен үлес қосқан ғалым ретіндегі еңбегіңіз бен абыройыңызды әрқашан үлгі тұтамыз. Денсаулығыңыз зор болып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін, мерейіңіз өсе берсін!

 

КазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

Ары қарай оқу >>