6В02304 – Аударма ісі (батыс тілдері)

6В02303 – Аударма ісі (батыс тілдері)

Факультет Филология және әлем тілдері
Кафедра Шетел филологиясы және аударма ісі
Білім беру саласының коды және сыныптамасы
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Дайындық бағытының коды және жіктелуі
6B023 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Дайындық бағыты
6B023 Тілдер мен әдебиет
Білім беру бағдарламаларының тобы
B036 Аударма ісі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Түрлі елдер мен мәдениеттер өкілдерінің арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде шетел, қазақ және орыс тілдерін пайдаланатын, халықаралық компанияларда, мемлекеттік ұйымдарда, елшіліктерде, аударма биржаларында және бюроларда, туризм агенттіктерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы жазбаша және ауызша аударманы қамтамасыз етуге қабілетті лингвистика, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы көптілді мамандарды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері
  • сөйлеу әрекетінің төрт түрінде коммуникативтік-интермәдени құзыреттілік негіздерін қалау;
  • шет тілдік қарым-қатынастың негізгі дағдыларын одан әрі жетілдіру, болашақ мамандыққа, оқытылатын тіл елдерінің мемлекеттілік тарихына, басқа менталитет құбылыстарына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне, ғылым техникасына байланысты тақырыптар бойынша кәсіби салада мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
  • аударма ісі мамандығы бойынша бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, бұл олардың мамандық бойынша барынша тез жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Академиялық дәрежесі
Тіл білімі бакалавры