НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!!

26.02.2021

Көрулер: 698

Erasmus + бағдарламасы аясындағы бірлесе қаржыландырылған ENTER халықаралық жоба аумағында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің инженерлік мамандықтары бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары қашықтықтан оқыту форматында жалғасып келеді 

 

2021 жылдың 04 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да iPET-2 бойынша тренингтер басталды. Бұл модуль Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ (Қарағанда, Қазақстан), ТМТУ (Тамбов, Ресей) және ВятМУ (Вятка, Ресей) жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылған. Бұл модуль IPET-1 жалғасы болып табылады, оның жалпы жүктемесі 8 ECTS құрайды.

IPET-2 екінші модулі бірінші модуль пәндерінен басқа, жалпы көлемі 6 ECTS құрайтын "Интерактивті оқытуды көбейту", "Білім берудегі жүйелік талдау", "Педагогикалық психология және коммуникация", "Жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет", "Тұрақты даму" пәндерін қамтиды.

Еске сала кетейік, Erasmus+ бағдарламасы аясында іске асырылатын ENTER халықаралық жобасы консорциум болып табылады, оған бес елден (Португалия, Словакия, Эстония, Қазақстан және Ресейден) 13 ұйым – жоғары оқу орындары мен қауымдастықтар кіреді. ENTER жобасы Ресей, Қазақстан мен Еуропа және сонымен қатар ENTER консорциумының құрамына кіретін жоғары оқу орындарының мойындауына қол жеткізуге бағытталған. Осы жоба дамып келе жатқан және үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығы жағдайында өзінің борышы мен орнын анықтайтын, студентті тиімді оқытатын болашақ оқытушыны дайындауға/қайта даярлауға және заман талабына сай қанағаттандыратын оқу платформасын құруға бар күшін салып келеді.

Дисклеймер. Жобаны Еуропалық Одақтың Erasmus + бағдарламасы қоса қаржыландырады. Бұл веб-сайтта тек авторлардың көзқарастарын көрсетеді және Еуропалық Комиссия ондағы ақпараттарды пайдалануға жауапты емес.