«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде дөңгелек стол

24.05.2021

Көрулер: 1850

21.05.2021ж. биология және биотехнология факультетінің оқытушылары мен докторанттары Тұңғыш президент атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Іс-шарада біздің биотехнология кафедрасының докторанттары өзің алаңдататын сұрақтарға жауап алды. Дөңгелек үстелде "Космостық мониторинг жүргізу барысында: ауылшаруашылық және төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны бақылауда қандай құрылғы пайдаланады, ол құрылысының ерекшелігі неде және космостық мониторинг қазіргі таңда қандай мәселелерді шешу үшін  қолданылады және оның тиімділігі қандай?","Космостық зерттеулер нәтижелері осы проблеманың оң шешімін табуға септігін тигізе алады ма?" секілді сұрақтар талқыланды.
Биотехнолгия кафедрасының докторанттары: Мәлік Ажар Мәлікқызы, Машжан Ақжігіт, Евлоева Хава, Талипова Айжан, Нармуратова Жанар, Мустафаева Жұлдыз белсенді қатысты.
Дөңгелек стол соңында, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры, политология ғылымдарының кандидаты, Темирболат Бахытжан Берикбаевич, әл-Фараби атыдағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстандағы Үздік оқу орындарының бірі екендігін, және жас ғалымдар мен білікті мамандар даярлайтын Ең үздік Университет екендігін айта кетті.