Жаңалықтар

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының түлектері!

22.05.2023

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының түлектері!

Сіздерді жыл сайынғы өтетін дәстүрлі түлектер кездесуіне шақырамыз!

Кездесу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті

Уақыты: 27 мамыр

- 10:00 Арка жанында

- 12.30 БиоФак 214 аудитория.

Байланыс телефондары: +7 747 831 2112

Приглашение-1.pdf

Ары қарай оқу >>

Факультетіміздің мақтанышы

14.04.2023

2023 жылғы 14 сәуірде Биология және биотехнология факультетінің 214 кабинетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының шақырылған шетелдік профессоры – Густав Рози университетінің (Вильшюф, Франция) профессоры Сапарбаев Мұрат Қалиұлы «Канцерогенездің молекулалық механизмдерінің Франциядағы және дүние жүзіндегі заманауи зерттеулері» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Ғылымдағы әйелдер мерекесі

14.04.2023

Ғылымдағы әйелдер мерекесі аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар кафедрасы women in tech конференциясын өткізді. Байқау 2 кезеңде өтті. Конференция қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының докторанттары М. Абдулханова, А. Талипова, У. Бисенова "Идеялық көшбасшылық үшін марапат"жоғары наградасымен марапатталды. Конференцияның барлық қатысушылары бағалы сыйлықтар мен сертификаттар алды.

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ 6B05103 – БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ 6B05102 – БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

10.04.2023

2023 жылдың 19 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінде өтетін 6B05103 – Биотехнология және 6B05102 – Биология мамандықтары бойынша Республикалық олимпиадасының II турды өткізу ережелерімен танысуыңызды сұраймыз.

Өтініштер 2023 жылдың 14 сәуірі, сағат 13:00-ге дейін қабылданады!

Олимпиада оффлайн режимде өтеді және екі турдан тұрады:

1. Пәндер бойынша тестілеу. Сұрақ саны 100. Тестілеу уақыты – 100 минут.

2. Пәндер бойынша ситуациялық сұрақтарды шешу. Тапсырма уақыты – 100 минут.

 

каз Информационное письмо РСО.pdf

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді

09.04.2023

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы жыл сайын еліміздегі жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми алаңдарында өтеді. 2023 жылдың 6-8 сәуірінде биология және биотехнология факультетінде офлайн форматта кезекті конференция болып өтті. Конференцияға ғылыми-зерттеу институттарынан 400-ден астам студенттер, магистранттар, PhD докторанттар және ғылыми қызметкерлер қатысты. Конференция 5 секция бойынша ұйымдастырылды:

Секция 1. Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері

Секция 2. Биофизика, физиология, биологиялық білім биомедицина және нейронаука қазіргі заманауи мәселелері

Секция 3. Генетика, молекулалық биология және экология өзекті мәселелері

Секция 4. Биотехнологияның қазіргі заманауи мәселелері

Секция 5. Ғылымға бастама (мектеп оқушыларына арналған).

Ары қарай оқу >>

Ұлттық киім-халық қазынасы

22.03.2023

Жаһандық ақпарат ағыны мен алуан түрлі мәдениеттің тоғысқан қазіргі кезеңінде ұлттық рухымыз бен қазақилығымызды бекем ұстап тұратын салт-дәстүріміз бен тарихымыз екендігі даусыз. Халқымыз өнерге, тілге, салт-дәстүрге қаншалықты бай болса, ұлттық киімге де соншалықты бай. Ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейін құндылығын жоймай, қазақ қолөнерінің озық туындысы болып қана қоймай, заман ағымына сай қолданыстан қалмаған қазақтың ұлттық киімдерінің саны аз емес. Өзінің сан ғасырлық сипатымен сақталған тұтас ұлттың бейнесі саналатын ұлттық киіміміз қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын этномәдени құндылық деп білеміз.

Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің куратор-эдвайзерлері Ернаназарова Г.И., Турашева С.К., Мухатаева К.А., Ултанбекова Г.Д. және 1 курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім-халық қазынасы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсат-ұлттық киімді насихаттау.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық киімі мен әшекейлерінің ерекшеліктері мен тарихы, олар жайлы құнды деректер де айтылды. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы киімдерді заманға сай икемдеу,  тақия мен әшекейлерді үйлестіріп тағу, қазіргі жас буынның тақия мен кәжекейді талғамына сай сәйкестендіріп киюіне байланысты іс-шараға жиналғандардың арасында пікірталас та ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында топ эдвайзері пікірін білдірді.

- Бүгінгі ұйымдастырылып отырылған шара ұлттық киімнің маңыздылығын көрсету, тарихымен таныстыру, жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұлттық киім тек сыртқы сұлулығымызды ғана емес, халқымыздың рухани бай әлемін, қолөнері мен шеберлігін бейнелейді. Қазақтың бүкіл ішкі жан дүниесі, философиялық көзқарасы ою-өрнектермен сипатталған. Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар.  Сондықтан ұлттық болмысымызды ұмытпай, оны насихаттау сіздер мен біздің қолымызда,-деп іс-шараны қорытындылады.

Ұлттық киімдеріміздің тарихы мен бүгінгі таңдағы рөлі талқыланған «Ұлттық киім-халық қазынасы» атты 1 курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен өткен тәрбиелік мәні бар іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Болашақ-жастардың қолында десек, қазақылықтың қаймағын бұзбай, ұлттық дәстүрімізді ұлықтау да бізге берілген аманат.

Ары қарай оқу >>

Наурыз

22.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі тойланып өтті. Биотехнология кафедрасы 1 курс 22-05 тобының шетелдік студенттері де наурыз мерекесіне қатысты. Олар өздерінің ұлттық киімдерімен келді. Мысалы, А. Сукрон -- индонезиялық, А. М. Рахими - ауғаныстандық, А.А. Ханзада – пакистандық, М.С.Абубакар – нигериялық ұлттық киімдерінң ерекшеліктерін көрсетті. Олар наурыз көжеден, қазақтың ұлттық тағамдарыныан дәм татып ризашылықтарын білдірді. Наурыз мерекесі қызықты өтті және студенттер ерекше әсер алды.

Мамытова Н.С.

Ары қарай оқу >>

Киім пірі – кимешек

18.03.2023

Биотехнология кафедрасының 4 курс студенттері «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» апталығында «Киім – пірі кимешек атты» іс-шара өткізді. Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол — жорлар бар. Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Ары қарай оқу >>

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» апталығы

16.03.2023

Ұлттық киімді ұлықтау

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау мақсатында ҚазҰУ биотехнология кафедрасының қызметкерлері мен студенттері «Ұлттық киімді ұлықтайық» апталығын атап өтті. Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып-ақ кетер еді. Біз өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды әрқашан ұлықтап жүрейік. Наурыз құт - береке әкелсін! Ақ мол болсын!

Ары қарай оқу >>