ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

05.06.2022

Көрулер: 1115

2022 жылдың 5 маусымында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы, б.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

Профессор Бисенбаев А.Қ. отандық және шетелдік басылымдарда 250-ден астам ғылыми мақала жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Knowledge мәліметтер базасында 18 жарияланым, 4 патенттің, жоғары оқу орындарына арналған 6 оқулықтың авторы. Хирш Индексі – 7. Өзінің ғылыми мектебі бар. Биология ғылымдарының 1 кандидатын, 6 PhD докторын дайындады. ҚР БҒМ 2022-2024 жылдардағы гранттық қаржыландырудың екі ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі және орындаушысы.

Бисенбаев А.Қ. ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуына сіңірген еңбегі үшін" "Ы. Алтынсарин” төсбелгісімен (2018), cондай-ақ, 2007 және 2021 жылдары ҚР БҒМ" Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы "атағының иегері болды.

А.Қ. Бисенбаев 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болды ("Өмір туралы ғылым" басымдығы). 2014 жылдан бастап философия докторы (PhD), "Биология", "Геоботаника" және "Биотехнология"мамандықтары бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру үшін диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.

Бисенбаев А.Қ. "ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы" журналының ғылыми редакторы, "ҚР ҰҒА Жаңалықтары биологиялық және медициналық серия" журналының редакция алқасының мүшесі болып табылады.