Білім мен ғылымның интеграциясы

16.04.2022

Көрулер: 1284

Соңғы жылдары жоғары кәсіби білім беру мәселелері өткір талқылануда. Бұл жоғары білікті мамандардың өткір тапшылығына байланысты, себебі ЖОО түлектері алған білімдерін тәжірибеде жиі пайдалана алмайды. Осы мәселені шешудің нақты жолы білім мен ғылымды біріктіру. 2022 жылдың 15 сәуірінде Молекулярлық биология және генетика кафедрасының қызметкерлері Генетика және физиология институтында болды. Сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық ҚР БҒМ ҒК бағынысты ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Бас келісім аясында ғылым мен білімнің интеграциясы мәселелері талқыланды.

Генетика және физиология институты молекулярлық биология және генетика кафедрасының көпжылдық серіктесі және ділім алушылары үшін тәжірибе базасы болып табылады. Институт ғалымдарнын оқу үрдісіне қатыстыруда, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға бірлесіп білім беруде, кафедра мен институттың ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастығы 2019 ж. Институт базасында молекулалық биология және генетика кафедраның филиалын құруға әкелді. Институттың бас директоры Жүнісова Г.С. Институт қызметкерлерімен бірлесіп оқу бағдарламаларын әзірлеуде және арнайы пәндерден сабақтар жүргізуде кафедрамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға әрдайым дайын екенін білдірді.

Молекулярлық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жүнісбаева Ж.Қ. «6В05105 – Генетика», «7М05105 – Генетика», «7M05104 – IT-Генетика», «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламаларының мазмұнымен таныстырды, магистратура мен докторантурада оқу бағдарламаларына институтта оқу базасы бар minor-модульдерді енгізуді ұсынды.

Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ловинская А.В. биылғы оқу жылында енгізілген білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі жаңалықтар туралы айтты. Институт директорының орынбасары Бекманов Б.О. студенттердің зертханалық сабақтарды сапалы өтуін және практикалық дағдылардын меңгеруін қамтамасыз ету үшін кафедраның материалдық-техникалық базасын жақсартуда көмек көрсетуге ниет білдірді. Сондай-ақ, кадр даярлау және PhD-докторлық диссертацияларды қорғау, өндірістік және ғылыми тәжірибені ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Генетика және физиология институты директорының орынбасары Бекманов Б.О. негізгі ғылыми бағыттар туралы айта отырып, институт зертханаларына экскурсия жүргізді. Қазіргі уақытта институтта келесі зертханалар жұмыс істеуде: молекулалық генетика, жануарлар генетикасы және цитогенетика, эксперименттік мутагенез, популяциялық генетика, генетикалық мониторинг, орман дақылдарының генетикасы мен репродукциясы, фармакологиялық зерттеулер және т.б. Осы зертханаларда дрозофиланың генетикасы, сүтқоректілердің экологиялық генетикасы, гистофизиологиясы мен генетикасы, нейрогенетика, онкогенетика және адамның молекулалық генетикасы, сүтқоректілер мен өсімдіктердің стресске төзімділігі физиологиясы бойынша зерттеулер жүргізілуде.