ЕҰУ магистранттары ҚазҰУ-да ғылыми тәжірибеден өтуде

02.12.2021

Көрулер: 1630

     

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «7M05107 - Биология», «7M01513 - Биология» білім беру бағдарламаларының 2-ші курс магистранттары ғылыми тәжірибеден өтуде.

     ҚЕАҚ «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті» мен ҚЕАҚ «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің» арасындағы Екіжақты келісім шеңберінде биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары 2021 жылдың 22 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «7M05107 - Биология», «7M01513 - Биология» білім беру бағдарламаларының 39 магистранттарына біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Курс барысында дәріс және тәжірибелік сабақтар қарастырылған.

     Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың магистранттары молекулалық биология және генетика кафедрасы және кафедраның Генетика және физиология институтындағы филиалы базасында заманауи молекулалы-генетикалық әдістерге негізделген тәжірибелік сабақтардан өтті. Магистранттар фрагментті талдау, полимеразды тізбекті реакция (ПТР), биоматериалдардан геномды ДНҚ-ны бөліп алу және оның сапасын тексеру әдістері, генетикалық әртүрлілікті анықтауда қолданылатын Illumina (iScan System) компаниясының ДНҚ-биочиптерін қолдану технологияларымен, ДНҚ-комет және алынған нәтижелерді талдауға арналған бағдарламалармен танысты.

      Қазақстанның жануарлар әлемінің әртүрлілігімен таныстыру үшін магистранттармен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің Биологиялық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, ал ҚР БҒМ ҒК Ботаника және фотоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағында Қазақстанның өсімдіктер әлемінің әртүрлілігімен, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылу қауіпінде тұрған түрлерімен танысты.

     Ғылыми тәжірибенің соңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеттерінің магистранттарына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің сертификаттары табысталды.