Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

03.02.2023

Смекенов Изат Темірғалиұлы 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясына ие болды және осы ғылым саласындағы табыстары мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан сертификатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Өсімдік шаруашылығындағы генетикалық технологиялар» тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша халықаралық дөңгелек үстел

03.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында «Өсімдік шаруашылығындағы генетикалық технологиялар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.  Оған отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты. 

 

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ардагері, б.ғ.к., доцент Бияшева З.М. 70-жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық процестерді пәнаралық зерттеу: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстелдін нәтижелері

27.01.2023

2023 жылдың 26 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасының №409 мәжіліс залында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті, генетика және биостатистика саласындағы маман, жоғары білімнің алғашқы республикалық стандарттарының бірлескен авторы Бияшева Зарема Маратовнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық процестерді пәнаралық зерттеу: шындық және перспективалар» атты гибрид форматында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

20.01.2023

20-21 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты»атты ғылыми-практикалық конференция өткізілуде.

 

Ары қарай оқу >>

Доцент Бияшева Зарема Маратқызының туғанына 70 жыл толуына арналған дөңгелек үстел

26.12.2022

Құрметті əріптестер!

Сіздерді молекулалық биология жəне генетика кафедрасының ардагері, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Бияшева Зарема Маратовнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық процестерді пəнаралық зерттеу: шындық жəне перспективалар» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға жəне баяндама жасауға шақырамыз.

 

Ары қарай оқу >>

Scopus Awards Kazakhstan 2022 халықаралық сыйлығы

18.11.2022

2022 жылдың 15 қарашасында Астанада халықаралық Scopus сыйлығы табыс етілді. Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі мен «Elsevir» компаниясы Scopus журналдарына ғылыми мақала жариялап, табандылығымен көзге түскен ғалымдарды құттықтады.

Scopus Awards Kazakhstan 2022 марапатына ие болғандардың қатарында кафедрамыздың профессоры Туруспеков Ерлан Кеңесбекұлы да бар.

Ары қарай оқу >>

ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

11.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері профессор Н.Ж. Өмірбекованы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны үшін құттықтайды.

Ары қарай оқу >>