Жаңалықтар

SDG (тұрақты даму мақсаттары) аясында молекулярлық биология және генетика кафедрасының докторанттарына арналған вебинар

12.09.2023

8 қыркүйекте ZOOM платформасында онлайн-форматта аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтануды жақсартуға және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесуге арналған бірінші курс докторанттары Таскужина Айша мен Кенжебекова Розаның вебинары өтті.

Вебинар аясында докторанттар өздері даярлаған баяндамаларын  ұсынды және жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін олардың ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы туралы айтты.

Кенжебекова Роза картоптың вирустары мен вироидтарын зерттеумен, ал Таскужина Айша - жабайы алма ағаштарының генетикалық потенциалы мен фитопатологиялық статусын зерттеумен айналысады.

Олардың жұмыстары қазіргі заманауи ауыл шаруашылығы үшін орасан зор практикалық құндылыққа ие, жергілікті картоп сорттарының өнімділігін арттыруға және қолайсыз жағдайларға төзімді алма ағаштарының жаңа сорттарын жасауға мүмкіндік береді.

Екі докторант та өз зерттеу жұмыстарын Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD Гриценко Диляра Александровнаның жетекшілігімен жүргізеді.

Ары қарай оқу >>

Алғыс хаттары

28.04.2023

2023 жылдың 28 мамырында биология және биотехнология факультетінің деканы Ғылыми кеңесте факультет пен кафедра өміріне белсенді қатысқан қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

Молекулярлық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Жазира Қабылқызы Жүнісбаева университет ректорының атынан Алғыс хат алды.

Кафедра меңгерушісінің орынбасарлары PhD Анна Владимировна Ловинская мен PhD Айжан Ізбасарқызы Жүсіпова, кафедраның аға кураторы Ақерке Дүйсебекқызы Сербаева Факультет деканы Б.К. Заяданның атынан Алғыс хатпен марапатталды.

 

Молекулалық биология жәгн генетика кафедрасының ұжымы

 

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика бойынша біліктілікті арттыру курстары

24.04.2023

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары «Молекулалық биология және генетика» кафедрасының базасында «Молекулярлық биология» және «Генетика» курстарынан біліктілігін арттырудан өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық Жер-Ана күніне арналған жалпы қалалық сенбілік

22.04.2023

2023 жылдың 22 сәуірі Халықаралық Жер-Ана күні. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының әкімшілігі, қызметкерлері, оқытушылар құрамы мен студенттері осы күнге арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

06.04.2023

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұйымдастыруымен 3 секция «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» бойынша барлығы 46 тезис жинақталды, оның ішінде 2 тезис Әзірбайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің молекулалық биология және биотехнология институтынан, Masters student of the Molecular and Biotechnologies, Tashkent pharmaceutical institute, Genetics and Plants Experimental Uzbekistan Biology Academy of Sciences институтынан 3 тезис, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан 5 тезис, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 36 тезис жиналды.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

30.03.2023

2023 жылдың 30 наурызында «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының оқытушысы – м.ғ.к., доцент Жұмабаева Бейбітгүл Әкімәліқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Парасат» кәсіподақ ұйымының алғыс хатына ие болды.

Ары қарай оқу >>

First Day of Women’s History

01.03.2023

2023 жылдың 1 наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған ағылшын тілі клубының ашық іс-шарасы өтті (ұйымдастырушылар: Ловинская А.В., Жусупова А.И., Сербаева А.Д.). «Әйелдер тарихының алғашқы күні» шарасы аясында журналист, құқық қорғаушы, «Еркіндік қанаты» ҚҚ жоба жетекшісі Дана Бұралқиевамен онлайн кездесу өтті. Жиын барысында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі кезеңдері, әйелдердің білім мен қоғамдағы ықпалының артуына ықпал ететін факторлар сияқты мәселелер қозғалды.

Осы және басқа да сұрақтардың жауаптарын мына жерден табуға болады: https://us02web.zoom.us/rec/share/xd5CCJsmY0SmfeH7-- _PWaP8EUc372bECCSkHRO8woDGhMPrtxLifGOqYjF8yEy9.f0KmrVjiXEBshb

Қол жеткізу коды: f2c0o!gs

 

Ары қарай оқу >>